1.4. А. Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші
Атап айтқанда, А.Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілнің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.
1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмірбаянында «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шүғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық, құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жағымсыз әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шүғылдандым» деп жазады (Архив ҚазПИ им. Абая. Опись Л–I, связқа № 6 «Б», д. 209).
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9–10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты кө-лемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін: «3 және жуан т, с.1 сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді, «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.
А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» (қазақша әліф-бе) деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды. Солардың қатарында шыққан А. Байтұрсыновтың әліппесі – «Оқу құралы» 19І2-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайданылды.
«Оқу құралы» таңбаларын танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі.
Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер «Тіл-құралдың» синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересек-тердің сауатын ашуға арналған әліппе – «Сауат ашқыш» деген кітапта орын алған. Бұларда автор Қожанасыр, Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, халық аузындағы аңыз-әңгімелерді, билер сөздерің бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын Абай, Ыбырай және өзінің өлеңдерің аударма және төлтума мысалдардың Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің «Хрестоматиясындағы» кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақынның «Кеңесары – Наурызбай» поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған. Бұл текстердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие беретін жамандыққа баулитын идея; жоқ, керісінше, оқу-білімге, еңбекке шақыратын адамгершілікті уағыздайтын жолдар көзге түседі.
Міне, А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай. А. Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші. А. Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айрықша зор болды. Өткен ғасырдық II жартысында-ақ халық. ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс болды. Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясы-ның озат екілдері жақсы қабыл алып, өздері де ат салысқанда-ры мәлім. А. Байтұрсынов та 1895 жылы «Тургайская газета-нын» бетінде, № 39, 24 қыркүйектегі санында «Киргизские приметы-пословицы» деген атпен материалдар жариялайды. Мұнда шаруашылық жайын ойлап, жазғы-кысқы, ертеңгі-кешкі ауа райын болжап айтқан 36 түрлі халық сөзін береді. 1923 жылы «Ер Сайын» жырын Москвада жарыққа шығарады, оған алғы-сөз жазып, түсініктемелер береді. 1926 жылы «23 жоқтау» атты жинақ түзіп, оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген. Қазақ тарихының 400 жылың қамтитын- мұндай үлгілерді жариялаудың мақсат-мәнісін кітаптың алғы сөзінде түсіндіріп кетеді. Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудіа басы деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-41 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға бола-ды. Бұл – ұлы Абайдың творчествосы туралы арнайы жазылған алғашқы еңбектердің бірінен саналады. А. Байтұрсынов-тың «Әдебиет танытқыш» атты келемді еңбегі – әдебиеттану ғылымы мен қазақ, әдебиеті тарихына арналған тұқғыш зерттеу жұмысы мен бүгінгі әдебиеттану саласынық басы. Әрине, қазіргі ғылым дәрежесімен өлшегенде, бұл кітап әдебиеттанудың бүкіл теориялық мәселелерін түгел қамтымағанмен» осы саладан қазақ оқырманына ұсынылған алғашқы таным-білім. Оның құндылығы да осында. Мұнда да автор әдебиет теориясына қатысты көптеген мәселелерді өзі талдап-танытып, әдебиет қатегорияларының терминдерін өзі ұсынады. Бұл терминдер де күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығын көреміз. Ғалымның ауыз әдебиеті мұраларын халықтың рухани қазынасынын сарқылмас көзі деп тануына және әдебиетті зерттеп, теориясын сөз етуіне оңың сөз өнерін жалпы өнер атаулыны, оның ішінде музыка өнерін сүйе білгендігі себепкер болған. Ахмет Байтұрсынов музықадан мол хабары бар, оны тани білетін адам болған өзі жақсы домбырашы да болған пианинода да ойнай білген. Қазақтық музықа өнерін тұңғыш зерттеп, әлемге танытушы атақты А. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында Ахмет Батұрсыновтың өз жұртының әндерін жақсы білетіндігін және ол әндерді тамаша орындайтындығын әрі шебер домбырашы болға-нын жазады.
А. Байтұрсыновтың тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек. М. Әуезовтің 1923 жылы жазғанына қарағанда, ол 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты кітабын жазып бітірген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |