Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар»


І. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсынов



бет2/11
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#121000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-71552

І. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсынов
1.1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз кұдіретін танытқан тамаша ақың қазақ, баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі – қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсың Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «тауып бермедіңдер», деп елге ойран салады, әйел, бала-шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым «жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15 жылға Сібірге каторгіге айдалады.

Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891 жылы бітіреді.


Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жыл-дан кейін оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына – «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағарту-шылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет