1.2. Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі
Жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнына қойылатын қоғамның әлеуметтік талабының ерекшеліктері – оқытуда ақпараттық технология пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, даралап және саралап оқытуды негізге ала отырып, білім мазмұнын жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,-дей келіп, оқытудың жаңа мазмұны, тиімді әдістемелер мен педагогикалық технологиялар мәселелер бойынша жедел ақпарат беру үшін қазіргі коммуникациялар жүйесін жасау міндетін қояды.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқу процесін технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негізделген рационалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парагдимамен әдіснамалық байланысты.
Осы заманғы ұлттық мектеп білім мазмұны тұжырымдамасының методологиясы таным процесінің философиялық теориясына, жеке тұлға болмысын түсінуге бағытталған іс-әрекет түрлері ілімнен, түрлі оқу пәндерін оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау мен тұтас педагогикалық процесс теориясының негізі қағидаларынан келіп шығады.
Қазіргі заманғы оқытудың технологиялық үлгілері оқытуды ұйымдастырудың ізгілік, дамытушылық, жеке қарым-қатынастық жобаларының әдіснамасын айқындайды. Сонымен қатар ғылымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бейімделген дамыта оқыту сияқты тұтас технологиялар де орын алған.
Оқу технологиясы мұғалім мен оқушының тек оқу-оқыту іс-әрекетіне ғане негізделеді, ол – мұғалімнің оқушының танымдық қызығушылығы мен дербестігін қамтамасыз ететін тұрақты да қайталамалы амал, әдіс, іс-әрекеттердің жүйесі. Оқу технологиясы жекелеген оқу пәнінің әдістемесінің құрамды бөлігі болып табылады. Мысалы, есептеу дағдысын қалыптастырып, дамытудың, бекітудің оқу технологиясы – оқушылардың есепті өз бетімен шығара білу білігін жетілдірудің шарты. Бұл жағдайда оқу технологиялары математиканы оқыту әдістемесіне жатады, сонымен бірге оқу технологиясы жеке дидактикадан шығып, жалпы дидактикалық категорияға айналды.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер педагогикалық технологияның қолданылу деңгейіне, философиялық негізіне, психологиялық даму факторына, меңгерілу тұжырымдамасына, жеке тұлғаның қалыптасу бағдарына, мазмұны мен құрылымының сипатына, ұйымдастырылуы түріне, танымдық қызметті басқару типіне, балаға қарым-қатынас тәсіліне қолданылып жүрген әдістеріне, дәстүрлі жүйені жетілдіру бағытына және оқушының категориясына қарай түрліше болып бөлінетінін анықтап отыр.
Жалпы, оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап, қолдана білу керек.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы мәселе тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Сократтың өз-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы пікір Я.А.Коменскийдің еңбектерінде, сонан соң И.Г.Песталоцци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Әрбір таным көзінің оқушылардың алдында ашылуға тиіс өзіндік айрықша ерекшелігі болады. Мысалы, оқушыларды математикалық білім берудің негізгі көзі – математикалық есептерді шығару мен таныстыру оқушыға нақты және абстрактылы жағдайлардан есеп құрау туралы, есептің құрамды бөліктері туралы, әртүрлі типтегі есептерді шығарудың негізгі кезеңдері және оларды неғұрлым тиімді әдістермен шығару туралы түсінік беретін оқу тапсырмаларына сүйенеді.
Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту үрдісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа сәйкес туындайтын мәліметтерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктің пайда болуымен сипатталады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи білуі ғана емес, оқығысы келуіне байланысты, яғни таным әрекетінің басымдық алуына байланысты. Қазіргі мектептің құрылы мен білім беру мазмұнда болып жатқан өзгерістер педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға жаңаша талаптар қойып, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділіктің артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатыны белгілі.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда интерактивті әдістер мен педагогикалық, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Тұлғаға бағдарланған білім беруде танымдық белсенділігі жоғары болған оқушының білімді меңгерудегі әрекеті де оның құзіреттілігін қалыптастыруға негіз болады.
Бастауыш сатыдағы кезең - оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту нәтижесінде онда оқытуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптастыруды, яғни оқушының әр түрлі оқу тапсырмаларын орындаудағы құзіреттілігі артып, ол білімді меңгеру барысында оқу әрекеттерін бақылау, бағалауды, нәтижесін берілген үлгімен салыстыруды үйренеді.
Бастауыш сыныптарда педагогикалық үрдісті дамыта және тұлғаға бағдарлап ұйымдастырудың негізінде оқушылардың оқу әрекетінде өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін арттыруға болады. Білім парадигмасының өзгеруіне байланысты жаңа білім мазмұнын меңгеруге өзіндік жұмыстар негізінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан, мұғалім өзінің іс - әрекетін оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы танымдық белсенділігін дамытуға бағыттап құра білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде қарастыруды талап етеді.
Математиканы бастапқы оқыту оқушылардың танымдық қызметін жетілдірудің барлық таным көздерімен, таным әдістерімен, зерттеушілік шығармашылық қызметтің кезеңдерімен таныстырудың, белгілі бір заттар мен құбылыстарды салыстыра отырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйретудің жалпы тәсілдерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады, нәрселерді салыстыру, сәйкестендіру, қарама-қарсы қою, елестету арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйретеді. Зерттеліп отыратын құбылыстардың бір-бірімен байланысын бақылай отырып, оқушылар кейбір жалпы заңдылықтардың болатындығы туралы өз болжамдарын белсендірек айта бастайды. Логикалық тұрғыдан алғанда бұл оқу-таным әрекеттері ғылыми танымның жалпылау, аналогия, индукция сияқты әдістерін қолдану болып табылады
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті – оқу материалы мазмұнын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс-әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушылармен бірлесе, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Жалпы алғанда, оқу мазмұнының мақсаты оқушылардың қабілеттілігі мен табиғи алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім, білік және дағдылармен қаруландыру арқылы кез-келген салада қызмет етуге және тез өзгеріп отыратын заман талабына бейімделе алатын түлекті тәрбиелеу.
Математика жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие береді, нарық заманында өмір сүруге үйретеді. Осы айтылғандар негізінде жалпы білім беретін қазақ мектептерінде математиканы оқытудың негізі мақсаты оның жас ұрпаққа білім берудегі және оларды одан әрі дамытып тәрбиелеудегі орны мен рөлін айқындайтын мынадай қағидаларға сүйене отырып анықталады:
- математиканың идеялары мен әдіс, тәсілдері және оларды бізді қоршаған ортада болып жататын құбылыстарды зерттеп танудағы рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;
- қазіргі қоғамның толық жарамды мүшесі болуға қажет болатын жүйелер ой қорытып, дұрыс пікірге келу, басқа қасиеттерді қалыптастыру және одан әрі дамыту;
- қазіргі қоғамның әрбір мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету әрекетінде қажет болатын, мектептегі басқа пәндерді оқып білуге, үзіліссіз оқып білу жүйесінде өзінің білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті болатын математикалық білім және іскерліктерді оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету.
Оқытудың ғылымилық ұстанымы табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ол оқушының таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытуда ғылыми ұстанымды іске асыру үшін мынадай талаптар орындалуы шарт.
Біріншіден, есептің мазмұнының танымдық жағына көп көңіл аударылуы тиіс.
Екіншіден, есепті талдауда мұғалім математика заңдылықтарын мысалдар арқылы дәлелдеп отырған жөн.
Үшіншіден, алынған материалдарды игертуде оқушының жас және жеке ерекшеліктері міндетті түрде ескеріледі.
Білім беру мен тәрбие теориясын және тәжірибелік педагогикалық жинақтау мен зерттеу әрбір кезеңнің әлемді танудың жаңа формаларын қажет екендігін көрсетеді. Егер өткен дәуірде адам әлеиді ақпарат жиынтығы формасында жүйелі өңдеу арқылы таныса, ал қазіргі заман – танудың мейлінше басым эмоциональды сезімдік формасын ұсынады.
Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс – әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір – таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғары білімділік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, дәлелдеу, өзіне -өзі баға беруге дағдыланады.
Бұл тапсырмалар оқушылардың математикалық дағдылары ғана емес, қазақ тілінде де дұрыс жазып, жаңа сөздер құрастыра білуін дамытады. Осындай әтрүрлі қызықты тапсырмалар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады. Оқушы бойында өзіндік танымды қалыптастыруда тек жеке курстар ғана емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде де жүзеге асырған өте тиімді. Себебі бала әр сабақта, әр тақырыпта өзін-өзі жетілдіріп отырады. Бұны жүзеге асыруда дамыта оқыту технологиясының маңызы зор.
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар: оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек; іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;
Осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек. 1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек. 2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасап болып табылады. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашық, шығармашылығын дамытады.
Сонымен бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың мақсатына қол жеткізуге болатындай жағдайлар жасатуға мүмкіндігі мол. Осылайша оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдер сапалы түрде қолдана алу іскерлігі мен дағдыларының берік қалануына өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдайлар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |