Қорытынды
Білім беру жүйесінің мазмұны қоғамдық ағымдағы және болашақ қажеттіліктерді ескеріп және адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму деңгейін есепке алудың негізінде қоғамға қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік көзқарасын қалыптастыру мен жеке дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені мектеп жасына келген баланың ынтасын жоймаудың басты тәсілі – олардың танымдық талабын қанағаттандыру, ынтасын оятып, білім алуға шабыттандыру.
Осы мақсатта “Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру” деген тақырыпты зерттей отырып, көңілге түйгеніміз: оқушылардың танымдық қабілетін, жалпы ой-өрісін дамыту үшін, оқушыға оқулықтағы тапсырманы беріп, оны қалайда орындайтынын талап етіп қоймай, осы тақырып бойынша қосымша тапсырма беріп, оның қайсысын орындайтынын оқушының өз еркіне беріп, өмірмен ұштастырып, мысалдар келтіріп, бала қабілетін тежемей, дамыта отырып оқыту не байланысты дербес зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеті екі түрлі дамиды. Біріншіден, баланың осы кезге дейін жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу- әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық есептер орындау, ойлау арқылы өзін дамытады.
Дамыта оқыту мәселесі алғаш рет оқушылардың танымдық қабілетін негізге ала отырып талданды, зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:
- бастауыш мектептегі оқушылардың танымдық қабілетін арттыру тұрғысынан қарастырған дамыта оқыту технологиясының теориялық әдіснамалық негіздері анықталды;
- бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптар қарастырылды;
- бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттары анықталып, ғылыми – әдістемелік жүйесі құрылды;
- бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелденіп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар берілді.
Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ұсыныстар беріледі:
-бастауыш сынып пәндерді оқытуда дамыта оқыту технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланса;
-зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құруда, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру мақсатында пайдаланса;
- зерттеу нәтижелерін «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» курстарының мазмұны тарау ретінде енгізсе;
-бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушыларды шығармашылық зерттеу жұмысқа баулу жұмыстары жетілдірілсе;
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда түрлі есептерді пайдаланудың тиімді жолдарын толық талдап, зерттеп, толық шештік деп есептемейміз, себебі заман талабының өзгеруіне, өндіріс салаларына түрлі техника мен технологиялардың енуіне байланысты білім беру мазмұны да өзгеріске ұшырауы заңдылық. Сондықтан, бұл мәселе бастауыш мектеп мұғалімдерінің даярлығына қойылатын талаптың үздіксіз өсуіне байланысты келешекте басқа қырынан дербес зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |