Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................23
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына «үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау» міндетін қойды. Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуальдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға себептігін тигізу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен.
Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. «Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай – ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі.»
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәселелерде өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы «дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы көрсетілген».
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, енгізілген жаңа буын оқулықтары көп деңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді. Демек, оқулықтың құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отырғанын байқау қиын емес.
Оқушыларды дамыта оқыту – қазіргі бастауыш мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш сыныптарда білім берудегі дамыта оқыту процесі – математка пәнінен дамыта оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында көрсетілген «оқыту технологиясын жетілдіру» мәселесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, іс жүзінде тәжірибеге енгізу және тарату қажет. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемесінің жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
Ғылыми жұмыстың алға қойған мақсаты, пәні және жұмыс болжамы бірқатар міндеттерді шешуді көздейді:
1)бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін анықтау;
2)бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми – әдістемелік жүйесін құру;
3)бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелдеп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар беру.
4)бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптарды анықтау;
Дамыта оқыту мәселесі оқушылардың танымдық қабілетін негізге ала отырып талданды:
1)бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың теориялық негіздері анықталды;
2) бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықталып, ғылыми – әдістемелік жүйесі құрылды;
3) бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелденіп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар берілді.
4) бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптар анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |