«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың қызметін зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс - әрекет ілімінің психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан - жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту мәселесіне арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Элконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі құрылымдары.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
· Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
· Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
· Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
· Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.
В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
· Оқу міндетін қою сабағы
· модельдеу сабағы
· түсінікті нақтылау сабағы
· нақтылау сабағы
· бағалау сабағы.
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі - көрнекі әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
· оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
· мәселені шешу жолын іздестіреді
· жаңаны өздері табады
· ақылдасады, кеңеседі
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік қалыптарын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Математика сабағында логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қатар оқушылар математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық картамен жұмысты кеңінен пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |