2.4 Мал шаруашылығын субсидиялау
2019 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және саланың өнімділігін арттыруды субсидиялауға 115,7 млрд теңге бөлінді. 840 отбасылық ферма 82,2 мың бас ірі қара мал сатып алуға несие алды", – деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі Омаровтың сөзіне сілтеме жасап. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне нақтылағандай, 2018 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және саланың өнімділігін арттыруды субсидиялауға 76,7 млрд теңге бөлінді. Осылайша, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 1,5 есеге артты. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар мал басының санын, оның өнімділігін арттыру, бордақылау алаңдарын жүктеуді қамтамасыз ету және жемшөп базасын нығайту жөніндегі шараларды талқылады. 2019 жылы Қазақстанда 2,306 трлн теңгеге мал шаруашылығы өнімі өндірілді (өсім 4%). 2019 жылы ірі қара мал басы 4% - ға, 7 млн 437,6 мың басқа дейін ұлғайды. Шошқа басы 2,9% – ға, 822,2 мың басқа дейін, жылқы басы 6,8% – ға, 2 млн 825,9 мың басқа дейін, қой басы 2,7% – ға, 16 млн 858,2 мың басқа дейін, құс басы 1,9% - ға, 45 млн 197,1 мың басқа дейін өсті. Ешкі басы 2,3% - ға, 2 млн 233,7 мың басқа дейін төмендеді.
Мал шаруашылығымен айналысуға субсидиялар:
асыл тұқымды ірі қара малдың (сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті тұқымдардың) аналық басын, отандық етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын, асыл тұқымды шығу тегіне сәйкес келетін импортталған ірі қара малдың аналық басын, асыл тұқымды қойларды, өнімді бағыттағы асыл тұқымды айғыр-өндірушіні, асыл тұқымды тұқымдық түйені, шошқалардың асыл тұқымды басын, ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алуға субсидиялар алуға, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапаны және асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан;
табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға субсидиялар алуға;
тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағуға субсидиялар алуға;
шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын, сондай-ақ шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін субсидиялар алуға;
ірі қара малдың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
қойлардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
қойлардың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға);
бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
шошқаның аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидия алуға;
сатып алынған сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқаларының бір жынысты және қос жынысты ұрығына субсидиялар алуға;
ірі қара мал мен қой эмбриондарын сатып алу құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
құс етін (құс еті, күркетауық, суда жүзетін құс еті), тағамдық жұмыртқа, (тауық жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе) өндіру, сондай-ақ ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас ірі қара мал/кемінде 5000 бас қой бордақылау алаңдарына өткізілген немесе бордақылауға ауыстырылған бұқашықтардың/қошқарлардың құнын арзандатуға субсидиялар алуға немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал / тәулігіне кемінде 300 бас қой болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға;
ауыл шаруашылығы жануарлары азығы шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
асыл тұқымды шығу тегіне сәйкес келетін импортталған асыл тұқымды ірі қара малдың/ қойдың аналық басын немесе импортталған ірі қара малдың аналық басын сатып алу үшін тиесілі субсидияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
Достарыңызбен бөлісу: |