Курстық жұмыс Тақырыбы: Математиканы оқытудағы есептің ролі мазмұНЫ



бет10/17
Дата23.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#177570
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Êóðñòû æìûñ Òàûðûáû Ìàòåìàòèêàíû îûòóäàû åñåïò³ ðîë³ ìàçì

Математикалық ұғымдарды меңгеруге арналған есептер
Математикалық есептерді шығару, жаттығуларды орындау арқылы
оқушылар көптеген математикалық ұғымдарды меңгереді. Ұғымдарды, олардың анықтамаларын және қасиеттерін анықтау арқылы математикалық ұғымдар да анықталады. Ұғымды терең түсіну үшін оның анықтамасын жатқа білу жеткіліксіз, анықтамадағы әрбір сөздің мағынасын терең түсініп, танысып отырған ұғымның қасиеттерін, белгілерін түсіну қажет.
Мысалы, квадрат теңдеу ұғымын басқа теңдеулерден ажырата білу үшін әртүрлі жаттығулар беріп, оқушылардың білімін, түсініктілік деңгейін арттыруға болады.
Төмендегі теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу болады? а) 8x2 - 7x = 1; ә) 48x 2 - x 3 - 9 = 0 ; б) 14 - 7x2 = 0 ;
Бұл жаттығуларды орындаған кезде оқулықтағы анықтамамен салыстыра отырып, ұғымды бекітуге болады.
Математикалық таңбалардымеңгеруге арналған есептер
Математиканың тілін игеру, соның ішінде математикалық таңбаларды қолдана білу – математиканы оқытудың мақсаттарының бірі болып табылады.Математикалық таңбаларды дұрыс қолдану арқылы есептер дұрыс шешімін табады. Бастауыш сыныптарда, 5-6-сыныптарда қарапайым математикалық таңбалар енгізіледі: амалдардың, теңдік пен теңсіздік, жақша, бұрыш және оның шамасының, параллельдік және т.б. белгілері. Математикалық таңбалардың есептер шығарудағы рөлі мен маңызын түсіндіре отырып, таңбаларды дұрыс қолдана білуге үйрету қажет. Мәселен, жақшаны ашқанда таңбалардың өзгеру, өзгермеу белгілері, амалдар қатар келгенде қайсысын алдымен орындау және т.б.
Сондықтан белгілермен жұмыс жүргізгенде есептерге көп көңіл бөлу керек. Мысалы, келесі есептерде жақша қандай рөл атқарып тұр, қандай өрнектерде жақша амалдардың орындалу ретін өзгертпейді.
а) ( 1,5  2  3,2)  0,1; ә) 1,5   3  2,3)  0,1.
Амалдардың орындалу ретін түсіндіріңіздер және жақша қандай рөл атқарады? Сонымен математикалық таңбаларды үйренудегі басты мәселе
есептер шығару барысында оны дұрыс қолдану.
Дәлелдеуге үйретуге арналған есептер
Математиканы оқытудың мақсаттарының бірі есеп-сұрақ және зерттеуге берілген элементар есептерден басталатын дәлелдеуге үйрету болып табылады. Мұндай есептердің шешімі қойылған сұраққа жауап табу және оның дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Есептерді шығару барысында объектілерді топтастыруға тура келеді. Объектілерді толық топтастырмау берілген есептің кейбір мәліметі оны шығаруда назардан тыс қалуына әкеліп соғады. Осындай қателерді табуға берілген есептер толық топтастыру жасамаудың алдын алуға көмектеседі. Есептерді шығару зерттеуді, дәлелдеуді қажет етеді, яғни мұндай дәлелдеу арқылы есептердің жауабын іздеу олардың дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді. Дәлелдеу алғашында есеп-сұрақ түрінде немесе қарапайым зерттеу түрінде болып келеді, ондағы мақсат сабақта өтілген ұғымдарды нақтылай түсуге және ұғымдардың арасындағы байланысты көре білуге баулу.
Математикалық білікті қалыптастыруға арналған есептер Математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі – математикалық
біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмдерді құру, өрнектерді ықшамдағанда амалдар қолдану арқылы біліктері шыңдала түседі.
Есеп шығаруда қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге көшу принципін сақтай отырып, оқушылардың алдыңғы игерген білімдерін пайдалана отырып, жаңа тақырыпқа байланысты есептердің жан-жақты түсіндірмесін беріп, тақтаға толық жазып шығарған дұрыс. Сонда ғана оқушылардың математикалық білігін тиянақты қалыптастыруға болады.
Мысалы, келесі алгебралық өрнекті ықшамдау үшін ең алдымен орындалатын амалдарды анықтап алған дұрыс:


Мәтінді есептерді шығару біліктілігін қалыптастыру едәуір қиындық туғызады. Себебі, оның құрамына есепті талдау, есептің моделін құру, теңдеу құру және т.б. амалдарды орындау біліктігі енеді. Біліктіқалыптастыру үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:

    1. есепті талқылаңдар және оның шарты мен қорытындысын айырыңдар;

    2. есептің қысқаша моделін жазыңдар;

    3. есептің моделі бойынша оның математикалық моделін (теңдеуін) құрыңдар және т.с.с.

Мұнда ескеретін жағдай, бір уақытта әртүрлі білікті қалыптастыру қиын, сондықтан бір білікті толық шыңдап болғаннан кейін, басқасына көшкен дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет