Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет10/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

Бағалау критерийлері: Өлеңге талдау жасау. Құрылымын айқындау.
Тілдік мақсаттар: 1. Өлеңді жатқа айтып беру
2. Абай өз шығармасында қандай ойды қозғайды?
3. 1) Ауызша ойдан өлең құрастырып жазу 2) Өлеңнен көрнектеу құралдарын табу
16

Құрылымдық талдау
Авторы: Абай Құнанбайұлы
Тақырыбы: "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"
Жанр түрі: өлең
Идеясы: өлең мәнін түсіндіру
Шумақ: 1
Тармақ: 12
Бунақ: 3
Буын: 11-12 буынды
Ұйқас: шалыс
Эпитет: көкірегі сезімді, тіл орамды, көзі ашық
Түсіндірмелі сөздік: тасыр - ақымақ
Өлеңнің түйіні: адамдыққа, білімділікке шақыру

17

Сұлтанмахмұт Торайғыров


(1893–1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында кедей шаруа ның үйінде туған. Бел гілі ақын, ағартушы. Бір жасында анасы қайтыс болады. Әкесі Шоқпыт (Әбубәкір) кедей болса да, әрі балажан, көзі ашық, көңілі сергек, бірбеткей, өжет, ақпейіл, жомарт адам еді. Ол Сұлтанмахмұтты тәрбиелеп өсіруге бар күшін салады. Сұлтанмахмұт 1912 жылға дейін ауылда өседі. Әкесінен, ауылдағы молдалардан сабақ алып, хат танып, көзін ашады. 1912 жылы Троицк қаласына барып оқи бастайды. Дәл осы кезден әдебиетпен айналысуы, өлең жазуы басталады. 1915 жылы ол Семей қаласына барады, оқуға түспек болады. Бірақ оқуға түсе алмайды. Бір жағынан, жасы, білімі келмейді. Екінші жағынан, қаржысы тапшы болады. Сондықтан 1915–1916 жылдары Зайсан жақта бала оқытады. 1916 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Томскіге барып оқуға түседі. Бірақ сырқаттанғандықтан, оқи алмайды. 1917 жылы Семей қаласына қайта оралады. Ол өмірінің соңғы жылдарында өзінің «Айтыс», «Адасқан өмір», «Кедей» сынды поýмалары мен өлеңдерін жазып қалдырды. Сұлтанмахмұттың артында қалдырған мәңгі өлмес жарқын, бай әдеби мұрасын біз бүгінгі күні барынша қадірлеуіміз керек.

Шәкірт ойы
Қараңғы қазақ көгiне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегiне
Күн болмағанда, кiм болам?
Мұздаған елдiң жүрегiн
Жылытуға мен кiрермiн!
18

Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннiң қарауы,
Надандық теңiзi тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет