Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет13/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

ҚМЖ бойынша талдау
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау
Сабақтың мақсаттары: 1. Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңді оқиды, мазмұнын түсінеді.
2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
3. Кейбір оқушылар орындай алады: Өлеңнің құрылысын талдау жасайды.
Бағалау критерийлері: Өлеңнің идеясын ашу.
Тілдік мақсаттар:
1. Өлеңді жатқа айтып беру
2. Тәуелсіздік дегенде не есіне келеді?
3. 1) Өлеңге теориялық талдау жасау 2) "Тәуелсіздік тұғыры" тақырыбына эссе жазу.
23

Құрылымдық талдау
Авторы: Ерлан Жүніс
Тақырыбы: "Менің атым - Тәуелсіздік"
Жанр түрі: өлең
Идеясы: туған жердің қасиетін меңгеру
Шумақ: 5
Тармақ: 36
Бунақ: 2-3
Буын: әр түрлі
Ұйқас: еркін
Эпитет: алып қорған, алып тұлға, алып тау
Метафора: Алып қорғанның құлағанын көржім
Өлеңнің түйіні: өткен тарихты ұмытпау

24

Расул Ғамзатов
(1923–2003)
Расул Ғамзатов – Дағыстанның халық ақыны. 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның Хунзах ауданында дүниеге келген. 2003 жылы қайтыс болған. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, Кенжеболат Шалабаевтың аудармасымен «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген.

Ана тілі
Адам деген не көрмейді түсінде,
Жатыр екем бүгін қабір ішінде.
Дағыстанның кең аңғары, күн ыстық,
Көкірегімде орнаған бір тыныштық.
Асау өзен арқырайды жарды ұрып,
Жұрт тараған, жалғыз мені қалдырып.
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде,
Жер болады балғын тәнім менің де.
Мен жатырмын қара жерге табына,
Көрмейді ешкім, келмейді ешкім маңыма.
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта.
Бұғылар кеп ыңырсиды бір жақта.
25

Кетті ғой деп қыршын ғана жасында,
Жыламайды ешкім молам басында.
Анам қайда, досым қайда күндегі,
Жарым қалай жатқанымды білмеді.
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен,
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен.
Естідім мен осы арадан үнін де,
Екі кісі сөйлесті авар тілінде.
Мен жатырмын жер астында көз жұмып,
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып:
Ғасан деген бір кісінің қулығын,
Әли деген бір кісінің сұмдығын.
Естідім де сөзін ана тілімнің,
Бойым жылып, лезде мен тірілдім.
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін,
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін.
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды,
Мен онымен айта алмаймын әнімді.
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет