Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет14/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

ҚМЖ бойынша талдау
Сабақ әдісі: Ауызша түсіндіру
26

Сабақтың мақсаттары: 1. Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңді оқиды, мазмұнын түсінеді.
2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
3. Кейбір оқушылар орындай алады: Өлеңнің құрылысын талдау жасайды.
Бағалау критерийлері: Өлеңге талдау жасау. Құрылымын айқындау.
Тілдік мақсаттар: 1. Өлеңді жатқа айтып беру
2. Абай өз шығармасында қандай ойды қозғайды?
3. 1) Ауызша ойдан өлең құрастырып жазу 2) Өлеңнен көрнектеу құралдарын табу

Құрылымдық талдау
Авторы: Расул Ғамзатов
Тақырыбы: "Ана тілі"
Жанр түрі: өлең
Идеясы: ана тілді құрметтеу
Шумақ: 8
Тармақ: 32
Бунақ: 3
Буын: 11-12 буынды
Ұйқас: егіз
Өлеңнің түйіні: ана тілді ешқашанда ұмытпау
27

І І БӨЛІМ. Поэзиялық шығармаларды оқыту әдістемесі
Оқыту жолдары
Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.
Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.
Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету, Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.
Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын,
28
мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың поэзиялық шығармалары жайында айтуымыз керек. 
Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының поэзиялық шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
Поэзиялық шығарманы оқытудың басты мақсаттарының
29

бірі - оқушыларды поэзияны сүюге баулу болып табылады.


Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен өлеңдерді талдауға да дағдыландырады. Поэзиялық шығарманы оқыту міндеттері: оқушының:
- поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан поэзиялық шығармадан алынған үзінділерді оқытуда:
а) Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға, ерекше көңіл бөлу;
ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару;
б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану.
в) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, жағымды ахуал жасау.
г) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдістерді пайдалану.

30



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет