Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет16/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ поэзиясының формалық тұрғыдан жаңаруының негізін сол поэзияның ішкі тақырыптық-көркемдік жүйесінің, экспрессивтік-эмоционалдық сипатының жаңғыруынан іздеу қажет. Қазақ өлең құрылысы да осыған сай эволюциялық тұрғыда жаңарады. Қазақ өлеңінің даму кезеңдері тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесімен қоса өлең құрылысын да жаңартты.
Сонымен, қазіргі қазақ поэзиясының жетістіктері, негізінен, тақырыптық-идеялық жаңалықтарында, мазмұн байлығында жатса да, сол мазмұнды ашуға жұмылдырылған форманың, яғни өлеңдердің өрнектік ерекшеліктерінің маңызын кемітуге болмайды. Қайта олардың пішіндік, түрлік ерекшеліктері мазмұнды шынайы жеткізер форма, оған қосымша көрік дарытып, сұлуландыра түсер көркемдік құрал ретінде баса айтылуға тиіс. Өйткені, «өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді.
Поэзиялық шығармаларды оқытудың прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті сабағымыздан байқаймыз. Себебі, поэзиялық шығармаларда ақынның өз ойы- сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін түйсіну кез-келген оқушы тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі – оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері.
33



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет