Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет1/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып)


Орындаған: ҚТӘ-31 топ студенті Шайкенов А.Ж
Тексерген: аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Г.Г

Орал - 2019


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................3

I БӨЛІМ. Поэзиялық шығармаларды талдау
1."Алып Ер Тұңға" жыры.......................................................5
2. Әбу Насыр әл-Фараби поэзиясы.....................................9
3. Доспамбет жырау поэзиясы...........................................12
4. Абай Құнанбаев поэзиясы...............................................15
5. Сұлтанмахмұт Торайғыров поэзиясы...........................18
6. Ерлан Жүніс поэзиясы......................................................21
7. Расул Ғамзатов поэзиясы................................................25

І І БӨЛІМ. Поэзиялық шығармаларды оқыту әдістері
1. Оқыту жолдары.................................................................28
2. Жаңа технологиялар арқылы оқыту............................30

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................34
КІРІСПЕ
Поэзиялық шығармаларды оқытудың прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті сабағымыздан байқаймыз. Себебі, лирикалық шығармаларда ақынның өз ойы- сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін түйсіну кез-келген оқушы тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі – оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері.
Поэзияны оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым - қатынасында. Әсіресе, оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі айқындалып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілдірек тиеді. Өкінішке орай ондай оқушылардың да сирек кездесетіні жасырын емес. Олай болса, оқушының поэзияға деген қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдістері қайсы, осы мәселеге тоқталайық. Әдебиет пәні ешқандай жоспарға сыймайды. Демек, мұғалім – өз қиялы арқылы баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ете алатын бірден-бір қозғаушы күш. Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Поэзияда тек тіл, сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой – сезім тереңдігі, әсерлігі.
3



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет