Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет8/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

Абай Құнанбайұлы
(1845–1904)
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында) дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Ибраһим. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, атасы – Өскенбай, арғы атасы – Ұрғызбай. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы – шешен, ел ағасы. Абайдың әжесі Зере аса ақылды, әңгімешіл, балаға мейірімді, ағайынға қамқор, кісі ренжіт пейтін жұмсақ мінезді, ортасына сыйлы жан еді. Анасы Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр адам болған. Абай әуелде Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Науаи, Физули, Фирдоуси шығармаларын оқиды. Абай медреседе небәрі үш жыл жүріп, кейін өз бетімен «при-ходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да білім алады. Бірақ бұл оқу ұзаққа бармайды. Жасы он үшке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді. Құнанбай қажының басқаруымен Абай ел ішіндегі түрлі істерді шешуге араласады. Көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді. Өз бетімен араб, иран, шағатай тілінде жа зылған ертегі, дастан, қисса сияқты т.б. әдеби мұралармен танысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет