Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет15/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

Жаңа технологиялар арқылы оқыту
Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушыны білім жүйесін ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне тиісті.Жаңа білімді игеру барысында білім алушының өздігінен ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқыту білім алушының ғылым негіздерін мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыру көзделеді. Білім алушының ойланту, іс- әрекеттегі ізденіс үшін репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайданылады. Репродуктивтік жолдар ұсынғанда атқарылатын іс- әрекет үлгі алгоритм бойынша орындалса, продуктивтік жолда білім алушы ситуацияны өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта эвристикалық іс- әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын ұсынып, жұмысты өзінше орындайды.
Мұндай әдісті көтеріп отырған мәселе проблемалық деңдейде болған жағдайда қолдануға болады. Мәселен, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел-ана әрекетін алуға болады.
«Сот әдісін» қолдануға болады. Кейіпкерді соттайтындар, ақтайтындар екі топқа бөлініп, өз пікірлерін дәлелдеуі тиіс.
Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану. Мәселен, өтіліп отырған автордың сөзіне жазылған әндер болса, оқытушының өзі орындап берсе болады, немесе студентке орындатуға болады, болмаса үнтаспаларды пайдалануға болады.
Оқушыларға тақтаға өзара ұйқасқан бірнеше сөздерді тігінен жазады:
...жаралған
31
...бар арман
...нәр алған
...қара орман
осы шумақтарды пайдаланып, студ-ң әрқайсысы 1 шумақ өлең жазуы керек. Уақыт 1-1,5 минут. Өлеңдер топ ішінде оқылады. 
Бес жол өлең әдісін де пайдалануға болады. Яғни, оқушыларға 3 зат есім, 3 сын есім, 3 сан есім, 3 етістік жазғызып, сол сөздер бойынша бір шумақ өлең құрастыртуға болады. 
ДЖИКСО әдісі, яғни ұжымдық немесе топтық оқыту. Топтық оқыту технологиясы.Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, оқу іс-әрәкетінің пәні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент) – объект (пән) - субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық оқытудың тиімді ойластырылған әдістері, әсіресе, шетел тілдерін үйретуде өте тиімді. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады. Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.

32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет