Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Үстеме шығыстар есебі»


Үстеме шығыстарды бөліп тарату



бет4/10
Дата17.05.2023
өлшемі79,93 Kb.
#176980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63096

1.3.Үстеме шығыстарды бөліп тарату
Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер, олар оң және кері әсер етуі мүмкін. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында бөлуге бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:

  • Өндірілген өнім көлемі

  • Жұмыс – сағат

  • Машина – сағат

  • Бастапқы шығындар

  • Материалдық шығындар

  • Еңбек шығындары

Пропорционалды, пропорционалды емес бөліп тарату.
Тарату әдістерінің барлығы дерлік үстеме шығыстардың пропорцио-налды және прпорционалды емес тарату әдістеріне бөлінеді.
Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату коэффициенттері анықталады. Бұл коэффициент тара-туға негізделген шығындардың жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған соммалық факторға бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үстеме шығыстарды пропорционалды бөліп тарату үшін қолданылады.
Мысал А – Кеңсе заттары.
Компания кеңсе заттарына (қағазды қоса алғанда) айына 1 200 мың теңге шығын жұмсайды. Компанияда екі бөлімше бар, олардың компания табысындағы үлестері 30% және 70%.

Бөлімше

Табыс (мың тг.)

Табыстан алынатын %

Шығыстарды бөліп тарату

Бөлімше 1

70 000

70 %

1200*0,7=840

Бөлімше 2

30 000

30 %

1200*0,3=360

Барлығы

100 000

100 %

1200

Мысал Б. - Жал төлемі.


Жал төлемі көлемге байланысты бөліп таратылады.
Жал бойынша шығыстар (мың тг.) 6 000
1 мкеткен жалдау бойынша шығыстар 24
Аудан (м2) 250
Компанияның 1-ші бөлімшесі 200 м2 ауданды, ал 2-ші бөлімшесі 50 м2 ауданды алып жатыр. Жал бойынша шығыстарды тарату төмендегідей бола-ды.

Бөлімше

Алып жатқан аудан

Шығыстарды бөліп тарату

Бөлімше 1

200 кв.м

200*24=4 800

Бөлімше 2

50 кв.м

50*24=1 200

Барлығы

250 кв.м

6 000

Бөліп таратудың әр түрлі коэффициенттерін қолдану мысалдары.


Дәрі шығаратын кәсіпорынның 31-ақпанға жасалған бухгалтерлік жазу-лары:




Мың.тг.


Қосымша берілгендер


Материалдар

100 000

Жұмыс-сағат

75 000

Еңбек

150 000

Машина-сағат

50 000

Алғашқы шығындар

250 000

Өндіріс көлемі

50 000

Үстеме шығыстар

150 000

Барлық шығыстар

400 000

Үстеме шығыстарды бөліп таратудың алты коэффициентін қарастыра-мыз. Жалпы өндіріс көлемі 50 000 бірлік болғанда 3 000 бірлікке жұмсалатын үстеме шығыстарды бөліп тарату. Бұл партияға материалдық шығндар 5 000 мың тг., еңбек шығындары 6 000 мың тг., (1 сағ.-2000 тг.), машина сағат – 500.



Өндірілген өнім көлемінің коэффиценті

Үстеме шығыстар/жалпы өнім көлемі

150 000/50 000

3

Жұмыс сағатының коэффиценті

Үстеме шығыстар/жалпы жұмыс сағаты

150 000/75 000

2

Машина-сағат коэффициенті

Үстеме шығыстар/жалпы машина-сағат саны

150 000/50 000

3

Бастапқы шығындар проценті

Үстеме шығыстар/бастапқышығындар сомасы*100%

150 000/250 000* 100%

60%

Материалдық шығындар проценті

Үстеме шығыстар/материалдық шығындар*100%

150 000/100 000* 100%

150%

Еңбекақы шығындарының проценті

Үстеме шығыстар/еңбек шығындары*100%

150 000/150 000* 100%

100%

Үстеме шығыстарды бөліп тарату алгоритмі
Компания өнімнің бір түрін шығарады, бұл компанияда екі өндірістік цех бар: Құрылыс цехы, өңдеу цехы. Компанияда сондай-ақ екі қызмет көрсетуші бөлімше бар: қойма және әкімшілік. Бұл цехтар мен бөлімшелер бір ғимаратта орналасқан. Компания келесі қаржылық жылдың бюджетіне мынадай шығындарды жатқызады:



Шығындар

Мың.тг.

Заводты жалға алу

486 000

Заводты сақтандыру

40 500

Басқа да шығыстар-құрылыс цехы

12 700

Басқа да шығыстар-өңдеу цехы

13 850

Басқа да шығыстар-қойма

7 375

Басқа да шығыстар-әкімшілік

20 425

Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру

21 450

Машина мен басқа да жабдықтардың амортизациясы

58 500

Көмекші жұмыс күші

280 000

Барлығы

940 800

Келесі ақпараттар берілген:



Бөлімше/ цех

Машина-сағат

Жұмыс сағат

Аудан (кв.м)

Негізгі жұмысшылардың саны

Көмекші жұмысшылардың саны

Машина мен басқа да жабдықт. құны

Құрылыс

12 000

34 200

50 000

18

10

300 000

Өңдеу

2 200

45 600

25 000

26

15

50 000

Қойма



3 000

0

6

25 000

Әкімшілік



3 000

0

4

15 000

Барлығы



81 000

44

35

390 000

Өндірістік емес бөлімшелердің шығыстарын келесі түрде бөліп таратуға болады:
Әкімшілік: Жұмысшылырдың барлық сандары негізінде бөлімшелер-дің/цехтардың арасында;
Қойма: 80%-құрылыс цехы, 20%-өңдеу цехы.
А. Үстеме шығыстарды шығындар орталығы бойынша бөлу:

Шығын тасымалдаушылардың негізгі топтарын анықтаймыз:



Шығыстар

Шығын тасымалдаушылар

1 - топ

Жал

Бөлменің ауданы

Ғимаратты сақтандыру

Бөлменің ауданы

2 – топ 

Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру

Машина мен жабдықтардың құны

Машина мен басқа да жабдықтардың амортизациясы

Машина мен жабдықтардың құны

3 – топ 

Көмекші жұмыс күші

Көмекші жұмыскерлердің саны

Бөлу коэффициенттерін анықтаймыз:



Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру

Ғимараттың ауданы

Бөлу коэффициенті

526 500

81 000 кв.м

6,5

Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру мен амортизациясы

Машина мен басқа да жабдықтардың құны

Бөлу коэффициенті

79 950

390 000

20,5%

Көмекші жұмыс күші

Көмекші жұмыскерлердің саны

Бөлу коэффициенті

280 000

35

8 000 (бір адамға)

Бөлу коэффициенттеріне қатысты үстеме шығыстарды жауапкершілік орталықтарына байланысты бөлеміз:



Шығындар

Бөлу коэф.

Құрылыс цехы

Өңдеу цехы

Қойма

Әкімші лік

Барлығы

Басқа шығыстар


12 700

13850

7 375

20 425

54 350

Ғимарат ауданы


50 000

25000

3 000

3 000

81 000

Ғимаратты жалға алу мен сақтандыру

6,5

325 000

162500

19 500

19 500

526 500

Машина мен басқа да жабдықтардың құны


300 000

50000

25 000

15 000

390 000

Машина мен басқа да жабдықтарды сақтандыру мен амортизациясы

20,5%

61 500

10 250

5 125

3 075

79 950

Көмекші жұмыскерлердің саны


10

15

6

4

35

Көмекші жұмыс күші

8 000

80 000

120000

48 000

32 000

280 000

В.Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығыстарын бөліп тарату:



Бөлу базасы

Құрылыс цехы

Өңдеу цехы

Қойма

Әкімші лік

Барлы ғы

Әкімшілік

0%

20%

50%

30%

100%

Негізгі жұмысшылар саны

18

26

0

0

44

Көмекші жұмыскерлер саны

10

15

6

0

31

Жұмыскерлер саны

28

41

6

0

75


37,3%

54,6%

8,1%

0%

100%

Қойма

80%

20%

0%

0%

100%





Құрылыс цехы

Өңдеу цехы

Қойма

Әкімші лік

Барлы ғы

Цех бойынша жиынтық

479 200

306 600

80 000

75 000

940 800

Әкімшілікті бөліп тарату

28 000

41 000

6 000

(75 000)

0

Барлығы

507 200

347 600

86 000

0

940 800

Қойманы бөліп тарату

68 800

17 200

(86 000)

0

0

Барлығы

576 000

364 800

0

0

940 800

С.Үстеме шығыстарды нормаларына байланысты бөліп тарату:




Құрылыс цехы

Өңдеу цехы

Машина-сағат

12 000


Жұмыс сағат


45 600

Бөлу нормалары

48

8

D.Үстеме шығыстарды бөлу кезіндегі жетіспеушілік немесе артықшылық.


Үстеме шығыстардың нақты бөлінуін анықтаймыз, құрылыс цехы үшін нақты үстеме шығыстар 531 500-ді құрады, өңдеу цехы үшін - 359 500 тг.құрады; нақты істелген жұмыс сағаты құрылыс цехы үшін-11 000 машина сағат, өңдеу цехы үшін 46 000 жұмыс сағат.


Құрылыс цехы

Өңдеу цехы

Нақты жұмыс атқарылған сағаттар

11 000

46 000

Бөлу коэффициенті

48

8

Бөлінген үстеме шығыстар

528 000

368 000

Нақты үстеме шығыстар

531 500

359 500

Бөлінетін үстеме шығыстардың артық қалуы


8 500

Бөлінетін үстеме шығыстардың жетіспеуі

3 500


Бұл мысалдан есеп жүйесіндегі үстеме шығыстарды бөлу, бөліп тарату, қайта бөлу алгоритмдерін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет