Курстық жұмыс Тақырыбы: Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары Орындаған: Ұлықпан Бекзат Тексерген: Құлжан Айжан Тасболатқызы Ақтөбе, 2020 мазмұНЫ


Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары



бет9/11
Дата28.04.2020
өлшемі67,91 Kb.
#64978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ұлықпан Б

2.3. Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары
Тәрбие құрал – жабдықтары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогика-лық тәуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал – жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. – тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құрал – жабдықтары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.

Тәрбие құрал – жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбииеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды – техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психология-лық көңіл – күй шуағын береді, іс - әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.

Құрал – жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.

Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал – жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс - әрекеттер формасына арқау болады.

«Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушілер-дің ұжымдық және жеке – дара іс - әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.

Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:

- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушы-лардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді;

- реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;

- ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.

Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама. Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқа-ларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:

- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);

- тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;

- педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжжасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;

- қатысушылар саны: жеке – дара (тәрбиеші – тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші – оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші – бірнеше топ) формалары.

Қатысушылар санымен ажыралған тәрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырайық.

Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті – рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.

Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.

Тәрбиелік іс - әрекет формаларының әрбіріндегі тәрбиешінің ролі мен орны әрқилы. Олар тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тәрбие мақсаттарына байланысты.

Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тәрбие-ленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жаңа тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.

Ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу және бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.

Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау және өткізу бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.

Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.

Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал – жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.

Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тәрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке – дара, топтық, ұжымдық іс – шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.

Бесінші кезең – тәрбиеленушілердің бәрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.

Алтыншы кезең – дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.

Жетінші кезең – тәрбиелік іс – шара өткізілгеннен соң ынталы топ және ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.

Аталған жеті кезеңнің әрқайсысының орындайтын өзіне тән міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тәжірибесі қалыптастырылады, тәрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет – сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде – қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - әлеуметтік тәжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастыру-шылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой – пікірлерін хаттау, іс – шараға сай безендіру әрекеттері нығайып, тәрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - әртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тәрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз әрекеттені мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.

Ұжымдық шығармашыл іс - әрекеттерді ұйымдастырушының төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн:

- ұжым мүшелерінің саны 7-9 – дан 25-30 адамға дейін болуы мүмкін. Қатысушылар саны шектен тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі күрт төмендейді:

- ұжымдық шығармашыл жұмысқа қатысушылардың жеке тұлғалық даму мақсаты басты назарға алынуы шарт;

- шығармашыл мәселе, міндеттер тәрбиеленушілердің өздері тарапынан анықталып, белгіленгені дұрыс;

- әрбір тәрбиеленушіге өз қызығулары мен тілектеріне сәйкес жұмыс түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жоғарыда баяндалған технология форма тұғысынан әрқилы тәрбиелік шараларды өткізуде пайдалануы мүмкін (әртүрлі тақырыптағы сынып сағаттары; конференциялар; поэзия, ән – күй, би; ауызекі журналдар; конкурстар; әйгілі адамдармен кездесу; құрбы – құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу және т.б.).

Соңғы жылдары тәрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тәжірибесіне енуде:

Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар: әдемі әрі сәнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.

Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқалау үшін қолданылады.

Фәлсафалық бас қосу – тәрбеленуші өмірінің мән – мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат – кеңес.

Белгілі тақырып бойынша пікір – сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.

Интеллектуалдар саудасы – ақыл – ес әрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.

Мамыра жай әңгіме – сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.

Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.

Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тәрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз – жарыс.

Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау. Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.

Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой – толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым – қатынас жасауға жәрдем беруі.

Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр – сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе – нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды. Мүмкін болғанша, іс – шара формаларының тәрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.

Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс - әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және ата – аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет