Сауал тесттер - белгілі бір психологилық мінездеменің болуын,я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабын талдау ретінде қалыптасты.Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді.Тапсырма тесттер -белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психолгиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Бүгінде тесттер - психолгиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс.Бірақ тесттерінің обьективті және субьективті әдістерінің арасында сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама тесттер де бар.Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне , әсірісе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін
болса ,саналы немесе санасыз әсер ете алады.
Алайда обьективті тесттер де бар.Оларға жобалау тесттерді жатқызуға болады.Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес.Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді.Обьективті мәліметтерден зерттелетін қасиет бөлініп,дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент әдісінің көмегі арқылы алуға болады. Психологиялық әдістердің бірі - модельдеу.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі.Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін әдістерде бар.Мысалы,әңгімелесу сауалнаманың бір нұсқасы.Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі
процедураны жүргізудің еркінділігімен ерекшеленеді.Басқа әдістерге құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |