Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет28/29
Дата16.01.2022
өлшемі65,49 Kb.
#112429
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Курстық жұмыс Психология

Қорытынды
Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін жəне өзінің осы мағынаны зерттеу əдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пəндердің бірқатары бірігеді (мəселен, психофизиология жəне əлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті – психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пəндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мəселелердi эксперименттік жəне теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пəндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл – адам, оның психикалық үрдістері, күйлері жəне қасиеттері.
Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тəуелді болмайды. Олар қоғамдық тəжірибе талаптырының күшеюіне де байланысты анықталады. Алғашқыда, психология, теориялысы басым пəн болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнер кəсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мəдениеттегі, спорттағы жəне т.б. кəсіби практикалық іс-əрекеттің саласы болып қалыптасуда. Сонымен, қазіргі кезеңдегi психология - қалыптасудың əртүрлі сатысында тұрған жəне тəжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пəндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Əдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп əрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-əрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады.
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес: бұл - психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде қолданылатын ерекше атау. Психологияның тарихы мен əдістемелерінің, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының жəне байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен əдістерінің мəселелерiн шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық жəне практикалық əрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нəтижесі – психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады. Жалпы психология, пəнi психологияның жалпы теориялық ұстанымдары мен маңызды əдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дəрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер жəне психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.

Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тəннен жанды бөлек, ерекше нəрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарладың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тəннен жəне сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тəнінде болады, ал жан тəннен ажырағанда – адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пəнi болмас

бұрын, адамдардың бірі-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет