Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Психологияның даму тарихы



бет5/29
Дата16.01.2022
өлшемі65,49 Kb.
#112429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Курстық жұмыс Психология

Психологияның даму тарихы

Психология ғылымының тарихи дамуы Әлемдік психологиялық ой- пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельдің (348-322) басталатын ілкі тарих.


Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда Герофильд, Эрасизтрат, Гиппократ, Демокрит, гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель және т.б. психологияның өз алдына дербес отау тігіп, ғылым ретінде өте беріде, яғни 1879 жылдан басталады.
Сол жылы неміс ғылымы Вильгелм Вуннд (1832- 1920) Лейпциг қаласында тұңғыщ лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына жол ашты.
Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді тағы басқа ақын-жыраулар мен ғұлама – ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.
Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады.

Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында тұңғыш ре психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.

Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты»тағы басқа толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.
Психология басқа ғылымдар сияқты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді: Бірінші, басқа ғылымдардың аясында психология білімініц қалыптасу кезеңі (біздің дәуірге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шы ж.). Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Аристотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы. Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге эр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғүламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Меселен, Аристотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәннің өмір сүруінің формасы” екендігін, мүның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғалымы Демокрит (460-370) жанды затгың атомдары секілді өсіп, ошіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.

Сонымен қатар ежелгі Грекияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша барлық элем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мүнда жанның қүрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жаңды ауырлатып, оның мерт болуы сүйыққа айналдырады деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, голланд ғүламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, қүмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан. Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді үлы ғүламалар Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) меи Әбу Әлі ибн Сина (980-1037), Ж.Баласағүни, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. қостаган. Екінші, психологияның өз алдына дербес ғы лы м ретінде (XIX ғ-дың 60-шы ж.ж - казіргі уақытқа дейін) көрінуі. Өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында түңғыш лабора-тория үйымдастырып, психикалық қүбылыстарды арнаулы қүрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мүның дербес эксперименттік (тәжірибелік) ғылым болуына жол ашты.


XIX ғ.-дың аяғы XX. ғ.-дың басында атақгы психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық қүбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде — психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде — сана туралы ғылым, үшінші кезеңде - мінез-кұлық туралы ғылым, төртінші кезецде — психика туралы ғылым болып қалыптасады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет