Курстық ЖҰмыс тақырыбы


ІІ Бөлім. Психология пәні және оны зерттеу әдістері



бет7/29
Дата16.01.2022
өлшемі65,49 Kb.
#112429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Курстық жұмыс Психология

ІІ Бөлім. Психология пәні және оны зерттеу әдістері
Біздердің әрқайсысымыз күнбе-күн адамдармен кездесе отырып, олармен қарым-қатынас жасаймыз, олардың айтқан сөздеріне көңіл күйіміз қобалжу, не орнықты жағдайда жауап береміз, адамдар кейде бізге сүйкімді көрінеді, үнатамыз, ал кейбіреулерін жақтырмаймыз.

Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар немесе қүбылыстар туралы біздер ойланамыз, ой елегінен өткіземіз, көңіл- күйімізге эсер етеді немесе ол қүбылыстарға қалай болса, солай қараймыз, демек, бір жағдайлар біздерді қызықтырады, басқалары бізге бәрібір сияқты көрінеді.

Әрқайсысымызды жақсы кітап, әсем әуен, бейнелеу онері шығармалары қанағатганғандық сезімге болейді. Біз адамның жағымсыз іс-әрекеттері мен мінез-қүлқын көре отырып, қынжыламыз,оны сынаймыз, жағымсыз сезім пайда болады, ал жағымды іс-әрекет пен қасиеттер бізді қуантады, котеріңкі көңіл-күйде боламыз.

Еңбек ету барысында біз табанды түрде, ерекше жігерленіп, белгіленген жоспарды іске асыруға қол жетеді, кейде баяу жүмыс істеуге тура келеді. Әртүрлі затгар мен қүбылыстарды коре отырып, олар бізге үнауы немесе үнамауы мүмкін, кейбіреулерін еске сақтаймыз немесе үмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз. Осы қүбылыстардың барлығы — біздің психикамыз.

Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. “Психология” сөзі гректің екі сөзінен пайда бодды: “псюхе”-жан, психика және “логос”- ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаган ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке түлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызыгуы. Психология гылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшелікгерін зерттеқщ/(дағдылары, әдетгері, еңбек және шығармашылық қызмёті, кез-келген іс-өрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Психиканың омір сүруі органикалық өмірдің жоғарғы түрлерімен байланысты, психиканың пайда болуы тек ғана жануарлар мен адамдарға тән. Бір ерекше айта кету керек, бақылаулар мен ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам психикасына Караганда жануарлар психикасы ерекше қарапайым келеді.

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылыгы бар. Адам психиканың ең жогарғы түрі — сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы қүбылыс больш табылады. Сана адамның мақсатгы еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-қүлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бүрын, оны ой елегінен откізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психикалық омірдің қүбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға түйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі — барлық психикалық қүбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсеіу. Психикалық өмірдің зандылықтары білу, оны оқыту жене тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін кажете Тек қана психикалық үрдістер мен қүбылыстардың зандылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және торбие үрдісін дүрыс үйымдастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет