Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бүл өдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тищді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп сияқты қүралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік өдіс жетекші рөл алатындығын дәледцеді. Психология ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі, XIX ғасырдың II жартысында өз алдына жеке ғылым болып, философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі эксперименталдық зерттеулер жүргізіле бастады (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вунд жене т.б.)
Эксперимент дегеніміз не? Эксперимент — бүл себеп- салдарлық байланысты зерттеу мақсатындағы зерттеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:
1. Зерттеуші зерттейтін қүбылысты озі табады және оған белсенді эсер етеді.
2. Эксперимент жүргізуші өтіп жатқан қүбылыстың шартын өзгертуі мүмкін.
3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады.
4. Нәтижесінде эксперимент сандық зандылықтардың математикалық амалдарын айқындайды.
Эксперимент психологияның едісі ретінде психофизиканыңжәне психофизиологияның саласында пайда бодцы жэне психологияда кеңінен тарады.
Зертханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, экспериментгің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сипаты, үшіншіден, эксперименпің абстракгылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.
Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен озгешелігі адамның күнделікті іс-ерекетінің мазмүны сақталады, зерттелетін қүбылысты міндетгі түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау едісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен экспериментгің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табьшады. Табиғи экспериментгің негізін салган орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты — зерттеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен үштастыру.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялык - педагогикалык эксперимент деп атайды.
Әртүрлі жас кезеңдерінде шөкірттсрдің таным мүмкіншіліктерін зерттеуде жоне жеке түлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның ролі ерекше.
Адам психологиясына осер ету, озгерту қүралы ретінде эксперимент пайдаланылады.
Оның осындай түрі калыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу төсілі, сонымен катар зерттеу қүбылыстарын қалыптастыру өдісі қызметін атқарады.
Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады.
Қалыпатастырушы экспериментгің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бүл түрін генетикалык- моделдеудегі эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, торбие жоне оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шекірттерді тәрбиелеу мен оқытудың эксперименталдік дамытушы әдісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |