Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы



бет22/29
Дата16.01.2022
өлшемі65,49 Kb.
#112429
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Курстық жұмыс Психология

Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне теуелді көптеген өдіснамалық қүралдармен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріністердің бірлігінде зерттеледі. Осыған байланысты бүл қағиданың талаптары бойынша, кез- келген психикалық қүбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жагдайлардың бірлігінде қарастырылады. Психологияньщ негізгі қағидаларының бірі — детерминизм қағидасын (психикалық қүбылыстардьщ себептіктәуелділігі) іске асыру психологиялық зерттеулерді объективтік принципке сәйкес қүру болып табьшады. Объективтік қагида адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға болады.

Объективтік қагида зерттеулерде қолданылатын әдістер және зерттеушінің көзқарасы алынган нөтижелерге есер етпеуін талап етеді.....
2. Психикалық қүбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психологиялық зерттеулерді қүрудың негізгі қағидасы психикалық қүбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады. Объективтік дүние әруақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін емес. ^ Егер де психикалық қүбьшыстар үздіксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға бағытталған кез-келген зерттеулерді қүру міндетті түрде қарастырылуы қажет. Психикалық қүбылыстарды даму барысында зертгеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анықтау жеткіліксіз, сонымен қатар психикасыньщ қальпггасқан және қалыптасып кеде жатқан жаңа ерекшеліктерін талап етеді.

3. Жеке тұлганы талдау-жинақтау түрінде зерттеу әрбір адамның психологиялык; келбетінде барлық адамдарға тән жалпылық, даралық қасиеттермен сипатгалады.

Әрбір адамның бойында жеке түлға ретінде жалпылық, ерекшелік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жүмысын үйымдастыруда талдау-жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің өртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасиетін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке түлғаны талдау-жинақтау түрғысынан зерттеуді қажет- сінеді. Адамды талдау түрғысынан зерттеу жеке түлғаны өртүрлі өмір жағдайлары мен іс-әрекетте психиканың элементтерін тануға комектеседі, ал жинақтау — барлық жекелеген қүбылыстардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.

Жеке түлганың психологиялык; үрдістерін, дара психологиялык ерекшеліктерін зерттей отырып, психология өртүрлі зерттеу әдістерін қолданады.

Психиканы объективтік түргьщан зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің физиологиялық заңдарын білуді ұсынады.

Психологияньщ әдістері психикалық қүбылыстарды зертгеуге объективтік түгыдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар төмендегі сүрақтарга жауап беруі қажет: жеке түлганың психикалық үрдістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады, дамиды жөне өзгерістерге үшырайды?

Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланысты болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мөселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерттеудің негізщде мектеп пен отбасындагы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу. Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологияда жеке өдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.

Бақылау адамның психикалық өмірін зертгеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың комегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке түлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай өртүрлі адамзатгың іс-өрекетгері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (коңіл-күй, аффект) түрінде аңғарылады.

Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы корінісін (іс-өретгері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, түтастай мінез-қүлқы) зерггеу табиғи омір жағдайында іске асады. Зерттеуші адамдардың іс-ерекеті мен қьшықтарьш бақылау арқылы олардың психикалық омірінің ерекшелікгері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объективтік факгорлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталадьь, Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі жоне түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жинақтауға айналады.

Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бүрын дайьшдалған зертгеу мәселелері жөне деректермен қамтамасыз етеді. Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі жөне маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың түрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақьшанатын деректердің арасында тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.

Психологиялық бақылау, ереже бойынша, үзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғүрлым үзақ мерзімге жүргізілсе, солғүрлым бақылаушы мол дерекгер жинақтауға мүмкіндік алады, солғүрлым тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытындьі жасайды. Коп жағдайда үзақ мерзімді бақылау шәкірттердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.

Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жагдайда жеке түлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мөселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады.

Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау — бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек.

Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап — оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық қүраддар (бейнекамера, фотокамера т.б), жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б). Психологияньщ негізгі әдістердің бірі — эксперимент.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет