Психология ғылымы көптеген жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдармен байланысты. Ғылымдар жүйесінде психология ғылымына қандай орын беріледі, басқа ғылымдарда психологияньщ мәліметтерін пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге көп нөрсе байланысты немесе керісінше, қандай деңгейде психология басқа ғылымдардың нөтижелерін пайдалана алады? Қогамдық гылымдардың ішінде философия, саяси экономика, тарих, өнертану, педагогика ғылымдарымен байланысты. Бүл гылымдардың барлыгында да адамның саналы іс-өрекеті зерттеледі, демек, психология айналысатын мәселелер қарастырыдады.
Педагогика ғылымы үшін психологияньщ жүйесі, мәні ерекше, себебі жеке түлганың даму зандылықтарын, баланың жас және дара ерекшеліктерін білу теориялық негіздеуге көмектеседі және оқыту мен тәрбиелеудің ерекше тиімді өдістерін жасауга практикалық жол көрсетеді. Психологиялық білім мүгалімге шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескере білуге, уақытында оларда таным қызметінің жагымды дагдыларын қалыптастыруға, жаңа сезімдерді, ерік-қайрат қаситеттері мен мінез бітісін уақытында аңгаруга көмектеседі. Психологаялық білім мүғалімге өзіне-өзі талап қою үшін және оқушыларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге қажетті сапаларды дамыту үшін қажет. Психологиялық білім өзін- өзі тәрбиелеуге де өте керек. Психикалық қүбьшыстарды ғылыми түсіну әрбір адамға өзінің жеке басындағы қасиеттерінің күшті және өлсіз жақтарын дүрыс айыруына бағыт береді. Жеке басывдағы жағымды қасиеттерді ілгері дамыту, ал кемшілік жақтарын болдырмау үшін көмектеседі. Психологияның педагогикамен байанысына ерекше тоқталуды қажет етеді. Сез жоқ, бүл байланыс әруақытта да болады, К.Д.Ушинский кезінде былай деп атап көрсетті: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зертгеу қажет”. Бүл жерде психологияның практикалық мэнін нақты түрде көрсетіп түр. Егер педагогика психологиялык, қүбылыстардың табиғаты туралы білімге сүйенбейтін болса, онда ол педагогикалық кеңестер мен нүсқаулардың қарапайым жиынтығына айналар еді және мүғалімге көмектесуге қабілетті ғылым болудан қалар еді.
Педагогиканың барлық саласын дамытуда (жалпы педагогика, дидактика, жеке пендерді оқыту әдістемелері, тәрбие теориясы) психологиялық зертгеулерді қажет ететін мәселелер пайда болуда.
Осы айтылгандардың барлыгы қазіргі психология гылымдардың түйіскен жерінде екендігін дәлелдейді. Психология бір жагынан, философия ғылымдарымен, екінші жағынан, жаратылыстану ғылымдарымен, үшіншіден, өлеуметтік ғылымдармен байланысты аралық жағдайда орналасқан ғылым екендігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |