Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------------------------28
Қолданылған әдебиеттер------------------------------------------------------------------------30
Кіріспе
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу пəнi болып келеді. Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дəстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пəнiнiң негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдiстерi, қасиеттерi кiредi. Адам дамуының заңдылықтары жəне оның ерекшелiктерi туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бiрақ, адам жеке өзіндік арнайы мəселелерi бар əртүрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар əлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ əрбір ғылым өз пəнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л. Рубинштейн /1/ “Жалпы психология негіздері” еңбегінде (1940) былай деп жазды: “Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық əрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын жəне бізге тікелей тəн уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар жəне т.б. жатады...”. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі – жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы – тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тəсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың əсемдігі қалай əдемі əрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының лəззатын жəне күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды. Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тəннен жанды бөлек, ерекше нəрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарладың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тəннен жəне сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тəнінде болады, ал жан тəннен ажырағанда – адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пəнi болмас 4 бұрын, адамдардың бірі-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған. Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тəжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық жəне жеке тəжірибелерден алынған психологиялық қарапайым мəліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның əрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінезқұлықтарына бағыт-бағдар беруіге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда олар дəлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тəжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем əдебиет, мақалмəтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының əрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне əрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пəн ретінде тарлауына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мəселесi, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз /2/ психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ, - деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау жəне жеке эксперименттік əдістерді ұйымдастыру кезеңі, - деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр. Пəннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-“жан”, логос-“iлiм”) жан туралы iлiм дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады жəне жаратылысты – жалпы, жанды – жеке, - деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу жəне түсіндіру – психология пəнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Əр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге əр түрлі мазмұн берді. Психиканың мəніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы жəне дамуы əрқашанда философияның негізгі мəселесінің 5 шешіміне – материя мен сананың, рухани жəне материалдық субстанциялардың ара қатынасына –байланысты болған.
Достарыңызбен бөлісу: |