Курстық жұмыс Тақырыбы



бет13/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс

Түбірлес сөздер.

Өлең тіліенің үн сазына қатысты тағы бір тілдік көріністі талдау қажет. Мысалы, Абайда: «Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай» деген өлең жолында шық- түбірінен өрбіген шыға (ойлау) және шығындау деген екі сөзді қатар қолданып отыр. Өлеңнің тек бір жолында ғана емес, қатар келген жолдарыында да түбірлес сөздер қолданылып, өлең үніне ерекше саз береді. Мысалы,

Туғызған ата-ана жоқ,

Туғызарлық бала жоқ.

Туысқан-туған құрбылас

Қызығымен және жоқ,-

деген төрт жолдың алғашқы үшеуінде ту етістігінен өрбіген төрт сөз шоғырланып келген.

«Түбірлес» деп танылған сөздер грамматикалық жағынан даусыз ашық болып та келеді. Мысалы, «Сүйер жанасып, сүйкімді бет берем деп» деген жолдағы сүйер, сүйкімді сөздерінің түбірі – сүй етістігі. Сол сияқты мына өлең жолдарындағы көрсетілген сөздердің морфологиялық құрылымы

16

жағынан түбірлес екендігі даусыз:



Қу тілмен қулық қуған заңы құрсын...

Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан...

Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр...

Шалықтап шалқып шатпай ма?

Табысына табынып, қалтаң қағып...

Өлеңнің фоникалық оркестровкасы ондағы сөздердің ырғақтық-мелодикалық жағынан ұжымдасуы арқылы және дыбыстық құрамы арқылы жасалады. Бұл орайда дыбыстық қайталаулардың мәні айрықша болып келеді. Абай бұл салада да үлкен шеберлік танытып, үлгі ұсынған.



    1. Ішкі ұйқастар

Бір жағынан, өлеңнің фоникалық құрылымына өң беретін, екінші жағынан, өлең құрастыруға қатысы бар ішкі ұйқас дегендер болады. Өлең жолындағы бір сөз сол жолдың соңындағы аяққы ұйқаспен үндес келсе, ол ішкі ұйқас болып танылады. Бұл типтегі ішкі ұйқастар Абайда едәуір кездеседі:

Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек...

Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған...

Кей құрбы бүгін тату, ертең қату...

Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ...

Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай...

Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң...

Көңілсіз құлақ, ойға олақ...

Мао сұрап біреуді арбап, біреуді алдап...

Алланың өзі де рас, сөзі де рас... т.с.с.

17

Бұлардыңбарлығында да ішкі ұйқастыңнегізгі жүгі – сөздердің үн әуенінің ұйқасып келіп, әсер ету, яғни өлең жолдарының жалпы эмоциялық үнін күшейту. Сонымен қатар – ішкі ұйқас жасап тұрған сөздер дауыс ырғағымен (интонациямен) мағыналық бөліктерді бір-бірінен айырып, оларға ой екпінін түсіруге көмектеседі:



Қолымды дөп сермесем / өстер ме едім?...

Екі елерме / бітімге жөн келер ме...-

дегендерде тік сызық қойылған жерде дауыс кідіріс (пауза) болады да, ішкі ұйқас жасап тұрған сөздер соңғы ұйқастағы сөздер арқылы өзіне назар аудартады. Демек, өлеңнің аяққы ұйқастарымен үндес келетін ішкі ұйқастар екі түрлі жүк арқалайды: бірі – өлеңнің оқырман (тыңдаушы, айтушы) сезіміне жақсы әсер ететін ойнақы үн-әуенін күшейтеді, екіншісі – тармақ бойындағы сөздердің сол жерде беретін мағынасына екпін түсіреді: оқу-білімге дер кезінде ұмтылса («қолын дөп сермесе»), өкініш болар ма еді («өстер ме еді»), бұл жердегі ақын идеясының бастысы – оқу-білімге қолын мезгілінде созу («дөп сермеу»). Екінші мысалда негізгі ой иесі – елерме (адам), оған назар аудару үшін ақын осы сөзді ішкі ұйқасқа жегіп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет