Курстық жұмыс Тақырыбы



бет2/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс

Кіріспе

Көркем әдебиет, оның ішінде поэзия – өнер дүниесі. Ал бұл дүние әсемдік, үйлесімдік, көркемдік деген сипаттарымен өнер аталады. Сондықтан да «өн- ер» деген жерде «көркем» деген анықтама қоса жүреді. Көркемдік – кең ұғым. Әсірісе, поэзия әлеміне келгенде, ол тек «сыртқы сұлулықтың» көрінуі емес, яғни, өлең қызыл сөздің жиынтығы емес, ең алдымен ғылым тілімен айтсақ, мазмұн мен түрдің сәйкестенуі, ақынның білдірмек ойына оны беретін тілінің сәйкес келуі. Поэзиядағы көркемдік – тіл деген құбылыстың адам баласының өміріндегі құдіретін, күшін көрсететін белгі. Демек, осы белгі қандай тәсілдермен, тілдің қандай заңдылықтарымен жүзеге асады, қай ақын қалайша жүзеге асырады деген сұрақтар алдымыздан шығады. Бұл сауалдың ақындардың ақыны, «қазақтың бас ақыны» Абай тіліне келгенде қойылуы әбден заңды. Абай тілін зерттеу – бүгінде қазақ филологиясы ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызы зор бір тармағы. Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай-ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Солардың бірі – ұлы суреткердің сөз өрнегін тіл білімі тұрғысынан тану, яғни ғылымның «лингвистикалық стилистика» деп аталатын саласы бойынша талдау деп білеміз. Бұл сипаттағы ізденістер енді-енді басталып отыр.

Көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда сөз әрдайым тура мағынасында жұмсалмай әр алуан мақсатта құбылып, өзгеріп, қосымша реңк үстеп, негізгі тілдік мағынасын ауыстырып немесе тарылтып, я кеңейтіп қолданылып жатады, бірақ бұл құбылулар бейберекет емес, тілдің белгілі бір заңдылықтарымен, нормасымен жүзеге асады. Лингвостилистика қалам иесінің осы заңдылықтармен дүниеге әкелген «әсем бұйымдарын» зерттейді.

Әдетте бір нәрсені, айталық, ақынның тіл көркемдігін зерттеуде негізінен үш түрлі тәсіл қолданылады: бірі – зерттелетін объектіні, мысалы, сөздерді, сөз тіркестерін, ұйқасты, өлшемді т.б. тауып жүйелеп көрсетіп беру, екіншісі – талдау, зерттеген объектілердің, айталық сөздердің, тіркестердің т.б. әр ыңғайдағы қызметін талдау. Үшіншісі – түсіндіру (интерпретация) – мағыналық құбылыстарды түсіндіру.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет