Курстық жұмыс Тақырыбы


Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану



бет5/14
Дата09.05.2020
өлшемі52,46 Kb.
#66767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Думан. курстық жұмыс

Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану.

Әдетте фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде тұрақты сөз тіркестері, тиянақты тіркестер деп атаушылық жиі кездеседі. Зерттеушілер фразеологизмдерді тануда мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолданылу тұрақтылығы деген белгілерді атайды. Демек, мағына жағынан да, құрылымы жағынан да тұрақтылық фразеологизмдердің негізгі сипаты деп танылады. Бұл, сөз жоқ, жалпытілдік қазынадағы фразеологизмдерге келгенде дұрыс өлшемі, белгісі болып шығады.

Ал фразеологизмдердің қолданыстағы белгілеріне келгенде, «тұрақты» деген анықтауыш әрдайым күшін сақтай бермейді. Дәлдеңкіреп айтсақ, тіркестердің тұрақты деп танылатындары – жалпыхалықтық тілде, көпшіліктің тәжірибесінде сол қалыптасқан түрінде қолданылатындары. Ал осы қалыпты фразеологизмдер көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда әр алуан мотивтермен азды-көпті өзгеріп қолданылуы аз кездеспейді. Бұл өзгеріс құрылымдық жағынан да, мағыналық жағынан да болуы мүмкін. Әрине, бұл өзгерістердің қайткенде де себебі болуға тиіс, әйтпесе ешбір зәруліксіз әр жазушы не ақын өз қалауынша қолданса, ол – нормадан ауытқушылық, тілге деген жауапсыздық болмақ.

Фразеологизмдерді өзгерту мотивтері де әрқилы, бірі – стиль қажетінен, фразеологизмге қосымша мағыналық реңк үстеп, оларды ұтымдырақ ұсыну мақсатымен пайда болатын өзгеріс. Мысалы, Абай тіліндегі қара қылды қақ жару деген фразеологизмді қара қылды қырыққа бөлу деп трансформацияласа, соңғы тіркестің семантикалық реңкі алдыңғыдан сәл өзгергені байқалды: қара қылды қақ жару«ешкімді, еш нәрсені бөліп-

8

жармай тура әділдік таныту» болса, Абайдағы оның өзгерген вариантында әңгіме тек қана «алаламай, әділдік айту» емес, істің мән-жайын әбден бажайлап, оның әрбір қыр-срына баға беріп айтылатын әділдік, көптің айтқанына қарап емес, өзі танып айтқан ақылды адамның әрекеті болып тұр:

«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Таразы да, қазы да өз бойында,

Наданның сүйенгені көп пен дүрмек». Міне, кәнігі фразеологизмнің өлеңдегі қолданысында пайда болған бұл жердегі өзгерісі ақынның айтпақ идеясын дәл әрі әсерлі етіп беру үрдісінен шыққан.

Образды күштірек, әсерлірек етіп шығару үшін ақын бір фразеологизмді қатарынан екі рет жұмсайды, бірақ құрылымдарын сәл өзгертіп береді. Мысалы, нәзіктік образын айту үшін Абай:

«Тал шыбықтай оралып,

Гүл шыбықтай бұралып» деген өлең жолдарында тал шыбықтай бұралу деген кәнігі фразеологизмді тал шыбықтай оралу және гүл шыбықтай бұралу деп екі вариант етіп келтіреді. Осы арқылы қыз нәзіктігі күшейтіліп суреттеліп тұр.

Абайда трансформацияланған фразеологизмдердің көбі ғылым тілінде, контаминация деп аталатын өзгерістерге ұшыраған тіркстер болып келеді. Мұнда кәнігі фразеологизмдердің құрамындағы сөздер алмасып қолданылады. Мысалы, Абайдың өсекке салу деп қолданғаны өсекке таңу және сөзге қалдыру дегендердегі сөздерді бір-бірінен алып, алмастырып контаминациялауы болып шыққан. Тілге сөз түспеу деген де осындай: ауызға сөз түспеу және тілге сөз оралмау дегендерден сөз алмастырып жасаған жаңа құрылым. Бұл қатарға Абай қолданған төмендегі фразеологизмдерді жатқызуға болады: ант шайқау (ант бұзу, сөзде тұрмау, сөзін шайқау), шырайын жылыту (жүзін жылыту, шырайын беру), ардан кету (ардан безу, ұяттан кету), ой кіру (ақыл кіру, ой ойлау), қайғы жеу (уайым жеу, қайғы шегу), қасиетін төгу (арын төгу, қасиетінен айырылу). Абай осыларды алмастырып, өзгертіп қолданған. Егер осы фразеологизмдерді жеке-жеке атасақ, олардың дағдылы емес екендігі байқалады. Ал Абай өлеңдерінің ішіне келгенде, бірде-бір оқырман Абай

9

мына сөздерді дұрыс қолданбапты немесе тіркесті бұзып, нормадан ауытқып кетіпті деп еш ойламайды, өйткені бұлар өлең тілінің бүкіл бітіміне соншама оралымды етіп келтірілген. Ол оралымдылықтың әртүрлі мұқтаждықты өтеуге қызмет етеді. Мысалы, ант бұзуды - антын шайқау деп өзгерту ұйқас қажетін өтеп тұр:



«Анттасын алқайды,

Сен тентек демеске.

Кім антын шайқайды,

Амал жоқ жемеске» деген өлең жолдарында осы фразеологизмнің бұзады деген тұрақты компоненті мүлде келмес еді, өйткені, бұл жолдың ұйқасы алқайды деген тұлғаға сай келуі керек. Бұл жерде өлең ұйқасы да дәл шыққан, тіркес мағынасы да бұзылмаған, себебі бұзу мен шайқау сөздерінің негізгі мағыналары дәл түспегенімен, шайқау сөзіндегі қосымша семантикалық реңк бұл екі етістікті дәл осы контексте синоним қатарына шығарған.



Қайғы жеу тіркесі – дағдылы уайым жеу фразеологизмінің трансформациясы. Бұл жердегі өзгерістің уәжі басқашалау сияқты. Қайғы мен уайым сөздері – мағыналық жағынан тепе-теңге жуық синонимдер, кейде бұлар уайым-қайғы деп қолданыла береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет