Абай поэзиясы тіліндегі дыбыс гармониясы туралы тұңғыш рет 1934 жылы сөз еткен ғалымдар Е. Ысмайылов пен З. Шашкиндер болатын. Олар «Абайдың поэтикасы» атты ортақ мақаласында «Дауыс ырғығы туралы» деген тақырыпша қойып, Абай өлеңдеріндегі аллитерация, эпифораларды көрсетеді. Бұл мақалада: Абай «Күз» деген өлеңінде күзгі желді, ызыңды білдіретін сөз дыбыстарын жиі келтіреді, ал «Өзгеге, көңілім, тоярсың» тарығып, қыслып жазылған өлең болғандықтан, мұнда «сарнаған дауысты» н, м, ң дыбыстары көп дейді, «Қыс» өлеңінде ақ, ашық түсті беретін а дбысы көп дегенді айтады. Әрине, бұл танымда субъективтік сипат бар екендігіне қарамастан, дыбыстың стильдік қызмет атқаруы және образ жасауға қатысы туралы қазақ филологиясында тұңғыш рет мәселе қойылғанын атаймыз. Сөз жоқ, поэзия тіліндегі дыбыстар үні, гармониясы тек өлең біткенге тән дауыс ырғағының ғана белгісі болыып қоймайды,оның көркемдік-бейнелеуіштікжүкті де арқалайтындығын кез келген ақыннан табуға болады. Ал бұл ретте Абай поэзиясыныңтіліне үңілудің улкен мәні бар, қажеті бар.