Курстық ЖҰмыс



бет2/3
Дата21.10.2019
өлшемі165 Kb.
#50349
1   2   3
Байланысты:
Заңды тұлға ұғымы Алия 45

«Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес, олар едәуір дәрежеде біріне-бірі танылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады».

Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін. Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс.

Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. «Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алатыны» жөнінде Азаматтық кодекстің 58-бабының 3-тармағында жазылған. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС туралы занның 10-бабының 1-тармағы «жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды» деп белгіледі.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары – құрылтай шарты және жарғы. «Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде әрекет етеді». Акционерлерінің саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестікке айналдыратын жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын дәлелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс. Заңды тұлғаларға арналған, АК-ның 41-бабының 4,4-1 және 5-тармақтарында аталған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс (АК-ның 58-бабының 6-тармағы).

Жоғары орган міндетті түрде құрылады, оның мәртебесі заң актілерімен белгіленген.

Азаматтық кодекстің 60-бабының 1-тармағынан, шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғары органы болып табылатынын, бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бірі қатысушысына тиесілі болатынын аңғаруға болады.

«Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына (өкілдер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара) құрылады». Басқару органдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктестіктің алқалы органдары ретінде басқарма (дирекция) және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік қоғамдар ғана істей алады. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер үшін көзделуі мүмкін (ЖШС туралы заңның 60-бабы). Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемелекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы құзіретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады (мұны сыртқы аудит деп атайды). Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының талап етуі бойынша соның (солардың) есебінен кез келген уақытта жүргізуліге тиіс).

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Респуликасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерін кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы – қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.

«Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен кез келген уақытта шыға алады, ол бұл жөнінде қалған қатысушыларға іс жүзінде шығатын мерзімінен кемінде 6 ай бұрын ескертеді. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын бас тартуға дәлелді себептер болғанда ғана жол беріледі».

Толық серіктестікке қатысушылар қалатын қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз міндеттерін дөрекі бұзуы немесе іс жіргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы. Толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға шығатын кездегі балансқа сәйкес салған салымына қарай оның серіктестік мүлкіндегі үлесінің құны төленеді (АК-ның 68-бабы).

Толық серіктестікке қатысушының жеке борыштары пайда болуы мүмкін. Қатысушының толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өз үлесін өндіріп алуға өтініш жасауына борыштарды өтеуі үшін оның басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады. Қатысушының толық серіктестікке қатысуын тоқтатады (АК-ның 69-бабы).

« Сенім (коммандиттік) серіктестігі. Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен бизнес жүргізу қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларда өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар оны кәсіпкерлік таңдаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемлері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады (АК-ның 72-бабының 1-тармағы). Толық және сенім серіктестіктерінің қызметі мен құқықтық мәретебесінде көптеген ұқсастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне АК-ның және Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың қағидалары қолданылады.

«Коммандит» термині латынның deponere – сақтау, сақтауға сеніп тапсыру – деген сөзіне сай келетін итальяның commandare сөзінен шыққан, бұл коммандитшілер мен серіктердің өзара қарым-қатынасының мәнін көрсетеді. Маман кәсіпкерлер болмағандықтан және өзінің салымына ғана тәуекел ететін коммандитшілер (салымшылар) серіктестіктің істеріне және оны басқаруға қатыспайды. Олар табыс алу және серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу құқығын ғана сақтайды. Сондықтан серіктестіктің мүліктерін пайдалану мәселелерінде олар толық серіктерге сенуге, оларға сеніп тапсыруға мәжбүр болады. Сол себепті, Ресей Федерациясында коммандиттік серіктестіктерді сенімге негізделген серіктестік деп атайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін АК және ЖШС туралы Заң реттейді. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі, серіктестік (бұдан былай - ЖШС) деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар АК-да және заң актілерінде көзделуі мүмкін (АК-ның 77-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы). Мұнда, әңгіме, негізінен алғанда, серіктестіктің әрекеттері үшін қатысушылардың (құрылтайшылардың) жауапкершілігі жөнінде болып отыр (мысалы, қараңыз, АК-ның 44-бабының 3-тармағы және 59-бабының 1-тармағының 4-бөлімі). «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады» (АК-ның 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) деген ереже осыған жақын келеді.

ЖШС қатысушыларының саны шектелмейді. Алайда бұл үнемі осылай болған емес. Алғашында ЖШС қатысушыларының саны 30-дан, кейін – 50-ден, одан кейін – 100-ден аспауы тиіс деген шектеулер қойылды.

Жарғылық капиталдын мөлшерін құрылтайшылар (қатысушылар) анықтайды және ол серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тапсыру кезіндегі 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан кем болмауы тиіс (ЖШС туралы заңның 23-бабының 2-тармағы). ЖШС-ның жарғылық капиталының кепілдеуші маңызы бар. ЖШС-ның мәлімдеген жарғылық капиталы іс жүзіндегі нақты жарғылық капиталдан артық болатын жағдайда серіктестік несие берушілер алдында серіктестіктің борыштары бойынша жарғылық капиталдың өз капиталынан артық сомасында ортақ жауапты болады (ЖШС туралы Занның 25-бабының 3-тармағы). Егер ЖШС жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының төрттен үш көпшілік дауысымен қабылданады.

Акционерлік қоғам дегеніміз өзінің қызметің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиеселі барлық мүлікпен жауапты болады [26,74].

Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлары міндеттемелері бойынша зейнетақы қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді.

Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуден кейін орналаытруға құқылы.

Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін, яғни табысын тек қана қоғамды дамытуға жұмсау керек.

Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы.

Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, “АҚ» аббревиатурасын пайдаланады”. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Қоғамның жарғылық капиталы соңғы өзгеріс бойынша ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде белгіленді.

Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылды.

Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Тек, еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсидиарлық жауапты болады.

Ал, негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.

Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы [27,88].

Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.

.

Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.



Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық Кодекс және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15-қазанда қабылданған “Өндірістік кооператив туралы” заңымен айқындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы тиіс.

Азаматтық заңнама оның мүшелері бойынша өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Аталған заң өндірістік кооперативтің құрылуы мен қызмет ету үшін қажетті жарғылық қордын ең төменгі мөлшерін белгілемейді.

Кооперативтің меншік құқығына жататын мүлік, егер кооператив жарғысында өзгеше қаралмаса, оның мүшелерінің жарналарының мөлшеріне сәйкес бөлінеді. Азаматтық заңнамаға сәйкес кооператив мүшесі жалпы жиналыс шешім қабылдарда бір дауысқа ие болады. Мұндай норма императивті (бұйрықты), сондықтан да құрылтай құжаттарында басқалай ереже болуы мүмкін емес.

Азаматтық заңнама кооперативтегі мүшеліктің негізі мен тоқтатылу салдарын қарастырады. Кооператив мүшесі өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл орайда оған төленетін жарна мен басқа да төлемдер кооперативтің қаржы жылы аяқталып, кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі.

Кооперативке мүшелік сондай-ақ кооперативтен шығаруға байланысты да тоқталады, сонымен қатар, соған ұқсас, кооперативке мүше болу кооператив мүшесінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлері кооператив мүшелігіне қабылдану мүмкін.

Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив мұрагерлерге кооперативтің қайтыс болған мүшесінің мүліктегі үлесін жарнасына қарай төлейді, сондай-ақ қайтыс болған адамның үлесіне тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив қызметіне қосқан еңбек қатысы үшін сыйақы төлейді.

Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер Азаматтық Кодекстің 102-104-баптарында, ал нақты нормалары “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” заңда қарастырылған. Азаматтық заңнамаға сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға:

шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;

оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттік меншік түрлеріне байланысты:

республикалық меншіктегі кәсіпорын;

коммуналдық меншіктегі кәсіпорын деп бөледі.

Бұл Заңның 1-бабының 3-тармағы еншілес мемлекеттік кәсіпорын деп те бөліп қарайды.

Азаматтық заңнамаға сәйкес мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. “Мемлекеттік кәсіпорындар туралы” заңға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындары бойынша –жергілікті атқарушы органдарының шешімімен тәртіптеледі.

Ал, олардың құрылтайшылары тиісінше уакілетті Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттің кәсіпкерлік қызметін шектейді, бұл орайда жаңадан құрылатын және қызмет істейтін мемлекеттік кәсіпорындар белгілі бір қызмет жүйесімен айналысуға тиіс.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, егер заңның талаптарына мақсаты сай келетін болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, ал оралымды басқару құқығындағы кәсіпорындағы кәсіпорынды құру аталған заңның талаптарына сәйкес келуі керек.

Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты құрылтайшы бекіткен жарғы болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында оның мүлкіне меншік иесінің атауы, яғни “мемлекеттік” деген сөз болуы қажет. Мемлекеттік кәсіпорындарынның органы уәкілдік берілген мемлекеттік органның тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы болып табылады. “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” Заңның 9-бабы уәкілетті органның кәсіпорын басшысымен арадағы қатынасты келісім-шарт арқылы реттеу мүмкіндігін қарастырады.

Шарушылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі қорға қатысты мүлікке өз бетімен билік етуіне құқығы жоқ. Объектісі аталған мүлік болып табылатын мәмілені жасау үшін уәкілетті органның келісімі керек, ал жалпы мүліктік кешендегі кәсіпорынның билігі бойынша мәміле

Үкіметтің шешімімен (республикалық кәсіпорындарға қатысты) және жергілікті әкімнің шешімімен (коммуналдық кәсіпорындарға қатысты) жасалады. Кәсіпорынның филиалдары мен еңшілес мекемелердің құру үшін де уәкілетті органның келісімі қажет, сондай-ақ мұндай жеке кәсіпкерлерге қарызды пайызбен беретін шетелдік қормен қатысты бірлескен кәсіпорындар үшін де міндетті [28,37].

Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорындар үшін оларға бекітілген мүлікті иелік ету жағдайы одан да қатан келеді. Қазыналық кәсіпорын өзінің шарушылық қызметінен түскен қаржыға алынған және өзіне бекітілген мүлікті уәкілетті органмен келісе отырып, бөтенге беруге немесе басқалай билік етуіне қақысы бар.

Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті болып табылады.

Шарушылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өзінің жеке қызыметінен түскен табыстар есебінен күн көреді, бұл орайда меншік иесіне пайдасының бір бөлігін аударады, ал оралымды басқару құқығындағы кәсіпорындағы кәсіпорын уәкілетті органы бекіткен смета бойынша өзінің жеке табысы есебінен қаржыландырылады. Қазыналық кәсіпорында шығынды жабуға өзінің меншікті қаржысы жетпеген жағдайда оған тиісті бюджеттен жетпеген қаржысы бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінуге жатпайды және салым бойынша таратылмайды.

Шарушылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өзінің міндеттемесі бойынша оған жататын мүліктің бәріне жауап береді. Мемлекеттік кәсіпорын мұндай кәсіпорындардың міндеттемесіне жауап бермейді. Керісінше қазыналық республикалық кәсіпорынның міндеттемесі бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді, ал коммуналдық міндеттеме бойынша жауапкершілікті тиісті әкімшілік-аумақтық бірлестігі мойнына алады.

Мемлекеттік кәсіпорындары тарату мен қайта құру оның құрылтайшысымен жүзеге асырылады. Бірақ “мемлекеттік кәсіпорын туралы” Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынды тарату және қайта құру жөніндегі шешімді республикалық кәсіпорындарға қатысты Үкімет, ал коммуналдық кәсіпорынға қатысты әкімдер шешім қабылдайды. Құрылтайшылар шешім қабылдамайды, тек бұл жөніндегі қабылданған шешімге сәйкес қайта құру мен таратуды жүзеге асырады. Заңның 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды қазыналық кәсіпорынға айналдыру мүмкіндігін қарастырады [29,134].

Аталған баптың 2-бөлімінде қаралған жағдайда, ондай қайта құру міндетті болады. Сонымен қатар сонғы екі жылдың қортыныдысы бойынша пайда түсіре алмаған жағдайда ғана шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын қазыналық кәсіпорынға айналады.




    1. Коммерциялық емес ұйымдар

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативті, қоғамдық қор, діни бірлестіктік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады, (Азаматтық Кодекстің 34-бабының 3-бөлімі, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабы).

Азаматтық Кодекс коммерциялық емес ұйымдардың мынадай түрлерін қарастырады: мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативті, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналысады.

Азаматтық заңнама коммерциялық емес ұйымдардың мынадай түрлерін қарастырады: мекеме, акционерлік қоғам, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі, діни бірлестіктер, ассоциалар (одақтар). Келтірілген тізбелермен шектеліп қалуға болмайды, өйткені, ол заң құжаттарымен қосымша толықтырылуы мүмкін.

Мекеме – құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым . Мекеме екі түрге бөлінеді: мемлекеттік мекеме және жеке меншік мекеме.

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінеде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімінің шешімі бойынша құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілгенмекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды. Мемлекеттік мекемелерде жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Жеке меншік мекеме - басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме деп танылады.

Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Мекеме мүліктің меншік иесі бола алмайды, мекемеде ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда олардың міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауап береді.

Мекемелердің жекеленген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшіліктері заң актілерімен белгіленеді. Қоғамдық бірлестік- заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірлігі нәтижесінде құрылған ұйым.

Қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар және тағы басқалар жатады. Қоғамдық бірлестіктің алдына қойған мақсаты оның мүшелері табыс табайын деп емес, өздерінің рухани және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін бірігеді.

Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін айқындау қажеттігі Азаматтық заңнамада мүліктік қатынастарда олардың қатысуымен және олардың құрылуы мен қызметіне қатысты қатынастарды азаматтық-құқықтық шекте реттеумен байланыста болады, әрі ол аталған жүйеде шектеулі болу керек. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Заңымен де айқындалған, олардың нақты түрлерінің қызметі мен құрылуы арнайы заң құжаттарында жан-жақты реттеледі.

Қоғамдық бірлестіктің мүлкі оның меншік құқығына жатады. Қоғамдық бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ.

Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамдық бірлестік таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында бөлініске түспейді, өзінің жарғысында көрсетілген мақсатқа жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет