Курстық ЖҰмыс



бет3/3
Дата21.10.2019
өлшемі165 Kb.
#50349
1   2   3
Байланысты:
Заңды тұлға ұғымы Алия 45

Діни бірлестік- рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі [27,157].

Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер әділет органдарында тіркелуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелері) егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай діни бірлестіктер жарғыларының (ережелері) негізінде алынуы мүмкін.

Діни бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы ұйымға өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары сақталмайды.

Қор - азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым.

Қордың басты ерекшелігі қорды құрған тұлға оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа алмайды. Сонымен қатар жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар осы қордың штаттағы қызметкері бола алмайды. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешімімен тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы- қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кенесі құрылады, ол қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сай келуіне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекітілген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Қордың атқарушы органың басшысы мен мүшелері қордың құрылтай құжаттарың, Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңның және басқа да заң актілерің бұза отырып өздері қабылдаған шешімдерінің салдарынан келтірілген шығынның орнын бірлесе толтыруға міндетті. Мұндай шешім қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру міндеттінен босатылады.

Қордың некеде тұруымен, жақын туыстықпен немесе жекежаттықпен байланыспаған басшысымен бухгалтері болуға тиіс. Бір адамның екі қызметті қатар істеуіне болмайды. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекттік қорлар құрылуы мүмкін. Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтік- қайрымдылық, мәдени, білім қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкін.

Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың- бір отбасы мүшелерінің өзінің (өздерінің) жеке қаражаттары есебінің құрған нотариалды куәландырылған өсиеті бойынша да құрылуы мүмкін.

Бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұлғалардың- коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың құжаттары есебінен құрылған қоры корпоративтік қордеп танылады. Корпоративтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғалардан-коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бір жолға және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңның 35-бабында көзделген және копоративтік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құрылады.

Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры қоғамдық қор деп танылады[26,48].

Қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелерінен –аталған қордың бірден бір қатысушыларынан түсетін түсімдер есебінен құрыла алмайды.

Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншік иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген; қордың мақсаттары мен міндеттердің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын қор деп танылады.

Қазақстан Респуликасының заңдарымен белгіленген міндетті төлемдер есебінен құрылған қорлардың құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын қатынастар. “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңмен реттелетін мәселелер болып табылады. Азаматтық Кодекстің 107-бабы қор жарғысына міндетті болатын талаптарды қарастырады және өзінің мүлкін пайдалану жөнінде ресми есепті ресми баспабасылымдарында жыл сайын жариялауды қоғамдық қорға міндеттейді.

Тұтыну кооперативі - мүшелік негізде қатысушыларының материалдық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайдалық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғаларда кіре алады.

Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайын баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті.

Тұтыну кооперативтері мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болды.

Кооперативтің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Тұтыну кооперативі таратылған немесе коператив мүшесі одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін, өз жарнасына қарай бөліп алуға құқылы. Тұтыну кооперативінің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерінің кооператив мүшелігіне қабылдануға бірінші кезекте құқығы болады.

Селолық тұтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес, селолық жерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін. Аталған кооперативтердің басқалай ерекшеліктері арнайы заңмен қарала алады.

Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі. Азаматтық заңнамаға сәйкес заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады. Егер, заңды тұлға пайда түсіру үшін бірлестік құратын болса, онда мұндай бірлестік коммерциялық ұйым деп аталады және ондай бірлестік шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам түрінде ғана құра алады. Егер мұндай бірлестікке заңды тұлға мәртебесі берілмесе, онда ол консорциум деп аталады [30,65]. Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметтерінің үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүмкіндік және өзге де мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар бірлесіп қауымдастықтар (одақ) нысанында бірлестіктер құра алады.

Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерікті түрде біріге алады. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелері өзінің дербестігін және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады.

Коммерциялық емес акционерлік қоғам - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланатын заңды тұлға. Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатынбағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.

Қорытынды


Заңды тұлғалар дегеніміз: “Меншік шарушылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады”.

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек, бұл субъектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерінен ерекшеленеді.

Ондай ерекшеліктер мынадай: а) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы құқықтың басқа субъектілері орындауға міндетті заңдарды қабылдау құқығын еншілейді:

а) Қазақстан Республикасы өзінің заңдарымен әр құқық субъектісінің өкілеттік көлемін белгілейді, өзгертеді, бұл орайда өзі үшін де өкілеттік көлемін айқындайды;

ә) Азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының бірде бірі иелене алмайтын құқықтарды Қазақстан Республикасы еншілейді (мысалы, тек Қазақстан Республикасы ғана валюталық реттеудің құқықтық негіздерін белгілеуге құқылы және тағы басқа).

Азаматтық айналымда мемлекет атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және билік органдары өзінің құзыреті шегінде әрекет ету құқығына ие болады. Заңда қаралған тәртіппен Қазақстан Республикасының арнайы тапсыруымен оның атынан басқа да мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет дербес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ретінде кәсіпорынды тұтасымен мемлекеттік акцияларының бумасын, немесе таратылған кәсіпорынның мүлкін сатушы бола алады. Қазақстан Республикасының қатысуымен болатын дауларды сот қарайды. Тараптардың қалауымен даулар аралық сотпен де қаралуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретінде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым болып құрыла алмайды.

Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық- құқықтық нысанда құрылуы мүмкін. Айталық нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады. өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері заң актілерімен реттеледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі





  1. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учебное пособие. -Алматы.: Әділет-Пресс. 1996.

  2. Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. - М., 1980.

  3. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақтан Республикасының Заңы. 13.05.2003 ж.

  4. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика. Учебное пособие. Изд. 2-ое, испр. и доп. – Алматы.: ВШП "Әділет". 2000.

  5. "Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. 25.12.2000 ж

  6. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. 15.01.1992 ж.

  7. Гражданское право. Учебное пособие (часть общая): Отв. ред. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С. - А., 1999.

  8. Гражданское право: Учебник: Под. Ред. С.П. Гришаева. -М.: Юристъ, 1999.

  9. Гражданское право. Учебник. Часть 1. Издание третье, переработанное и дополненное: Под. ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. - М.: Проспект. 1998.

  10. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. 22.04.1998 ж.

  11. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.12.2001 ж. №1660 қаулысы.

  12. Ажиханов С.О. Функции, порядок организации и ликвидации коммерческих банков // Право и государство. -2001. -№2. - С. 49-53.

  13. Акрачкова Д. Гражданско-правовой статус государственных юридических лиц и их роль в развитии конкурентного рынка в РК // Фемида. - 2000. - №3. - С. 22-28.

  14. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі №66 бұйрығы.

  15. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. 17.04.1995 ж (29.10.2002 жылғы өзгертулерімен қоса)

  16. "Коммерциялық емес уйымдар туралы" Қазақстан Республикаеының Заңы. 26.01.2001 ж.

  17. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім). 27.12.1994.

  18. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім). 01.07.1999.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет