Жоба I кезең Тақырыбы: "Ұжымдағы достық" Орындаған: Сергеева С. 7"Ғ" Тексерген: Омарова А. С ақтөбе,2019 "Ұжымдағы достық"



Дата21.10.2019
өлшемі23,33 Kb.
#50423
Байланысты:
жоба 1 кезең ө ө т 7 класс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№23 орта мектеп-лицейі



Жоба

I кезең

Тақырыбы: "Ұжымдағы достық"

Орындаған:Сергеева С. 7"Ғ"

Тексерген:Омарова А.С



Ақтөбе,2019

"Ұжымдағы достық"

Жобаның мақсаты:

  • ұжымдағы(сыныптағы н/е топтағы) достықты бекіту;

  • "достық" сөзінің мағынасын ашу;

  • адал достықтың қандай болатынын түсіндіру.

Сұрақтар:

  • Достық деген не?Ол туралы не білесіңдер?

  • Адамдар арасындағы достық қарым-қатынас не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  • Достасу неден басталады?

  • Өзіңнің сыныбыңдағы оқушылардың арасында достық қарым-қатынас байқала ма?Достық қарым-қатынас қалай көрініс табады?

  • Сыныбыңдағы достықтың көрінісіне мысал келтір.

  • Шынайы дос деп кімді айтуға болады?

  • Сенің достарың көп болуы үшін қандай жақсы қасиеттеріңді дамыту керек деп ойлайсың?

  • Достықтың оқуда жақсы нәтижеге жетуге әсері бар ма?Өзіңе ұнайтын іспен айналысу үшін біреумен дос болу маңызды ма?

  • Қандай ортақ іс баршаға бірдей пайдалы болуы мүмкін?


Сұрақтар бойынша жауаптар:

  • Достық дегеніміз - адамдардың бір-біріне адал болуы.Достық арқылы адамдар бір нәрсені сеніп,тапсыра алады.Егер де сен оның сенімін ақтасаң, сол адам сен туралы жақсы пікірде болады.

  • Менің ойымша,достар адамға бір-бірінің сырларымен бөлісу үшін қажет.

  • Достасу сәлемдесу және танысудан басталады.Әрі қарай адамдардың қарым-қатынастары дамиды.

  • Әрине,байқалады.Достық қарым-қатынас жылы сөздер айтумен көрініс табады.

  • Мысалы, Дильназ бен мен.Біз ең жақын достармыз,бір-бірімізге сырларымызбен бөлісіп,оңай сенеміз.Ал, ұл балаларға келетін болсақ,Мансур мен Исламали ең жақсы үлгі болады деп ойлаймын.Өйткені,олар бір-біріне жылы сөз айтып үйренген,бір-бірін қолдай біледі,екеуі көп ұрыспай,тату-тәтті жүреді.

  • Менің өмірімде,шынайы дос деп маған адал болған адамдарды айта аламын. Мысалы,Шаграева Дильназ, Нуртазина Дильназ, Ақбота,Кенжекеш Дильназ, Аружан.Қалған "дос болған" адамдар мені сатып кетіп жүрді. Бірақ мен соған қарамастан олардың маған жасаған қиянаттарын кешіріп жүрдім.Олар меннен керек кезде көмек сұрады,мен оларға бар ынтаммен көмектестім.Ал маған көмек қажет болғанда,олар маған қол ұшын бермеді.Сол кезден бастап, олар мені сатып кетті деген ойда болдым.

  • Досың көп болу үшін өзіңді жақсы жағыңнан көрсете білуің қажет,бірақ барлық мінезіңді әп-сәтте көрсетпеуің керек, себебі бір күні сені бәрі сатып кетуі мүмкін.Жақсы жағыңнан дегенде, нақтырақ айтсақ: мейірімді, сыпайы және де басқаларға әдемі үлгі болуың қажет.

  • Жоқ, ешқандай әсері жоқ. Өйткені,әр адам біреуге емес,тек өзіне ғана сүйенуі керек.Өзіңе ұнайтын іспен айналысу үшін біреумен дос болу маңызды деп ойламаймын.Бірақ бизнес ашқаннан кейін, шығынға түссең, досың сені әрдайым қолдап отырады. Бір жағынан жақсы емес пе!

  • Табиғатқа көмектесу деп ойлаймын, неге десеңіз табиғат та бір тазарып қалады және біздің ішкі жан дүниеміз де ашылады.

Қорытынды ой

Сонымен,



Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен жан дүниесін түсініп, сырын, мұң-шерін тарқататын, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Достық ең алдымен, адамдардың бір-біріне деген сенімімен басталады.Бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар бар.Ол жалған достық: бірде бар, бірде жоқ.

Халықта "Алтын берген дос емес, ақыл берген - дос" деген мақал бар.



Достық - баға жетпес құндылық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет