Бөлім : Гидросфера
|
Мектеп: 44 МГ
|
Мерзімі:
|
Мұғалімнің аты-жөні: В.Т.Апакаева
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Гидросфера туралы түсінік қалыптастыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Гидросфера жердің су қабаты екенін білу
Судың негізгі қасиеттерін айыру
Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік
|
Бағалау критерийлері:
|
- Гидросфераның негізгі құрамдас бөліктерін ажыратады
- Судың қасиеттеріне мысал келтіреді
- Табиғаттағы су айналымының маңызын біледі
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- Гидросфераның құрамдас бөліктері н ажырата білу қажет,картадан көрсете білу керек
- Судың қасиеттерінің табиғатта кездесуін түсіндіре алу керек
- Дүние жүзілік су айналымының екі түрін ажырата білу қажет
Пәндік лексика және терминология:
- гидросфера
- грунт
- конденсация
Айтылымға қажетті сөз тіркестері:
•Гидросфера- бұл...............
Табиғатта судың ..... түрі кездеседі
• Дүниежүзілік су айналым дегеніміз...............
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» құндылықтары
Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Шығармашылыққа баулу мақсатында эссе жазу, әңгіме тыңдау әдебиетпен байланыстыру
|
Бастапқы білім
|
Гидросфера тақырыбына сәйкес 6 сынып материалдарын жетілдіру
|
ЖОСПАР
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер
|
Ресурстар
|
Белсендіру
Үй тапсырмасы
Жаңа тақырып
Сабақтың басы
Оқу мақсаты
|
Смайлик бойынша өзінің көңіл күйін бейнелеу(стикер арқылы)
Мұнар-.............................................
Тұман.............................................
Шық................................................
Кемпірқосақ..................................
Бұрқасын........................................
Қылау.............................................
Көк мұз...........................................
Атмосфералық электрлену құбылысы.................................................................
Өзара дәптер алмасу арқылы өз-өздерін тексереді
«Су тамшысы» ертегісі
Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер мен жайқалған көк шалғын. Осының бәрі Тамшыға беймәлім бір әлемдей көрінді. Жерге түссе қуанышқа бөленетіндей. Бірден сіркіреп, төпелеп тамшы балаларын төгіп жібермей Бұлт ана көк жүзін біраз шарлады. Жерге қараған Тамшы бір адамды көрді. Үстіне сулығын киіп, қолына қолшатырын ұстап алыпты. Өзі ашулы сияқты. «Қап, тағы да жаңбыр жауатын болды-ау. Жаңбырды жек көремін. Үсті-басымды малмандай су қылғаннан басқа пайдасы жоқ» деп күңкілдеп барады екен. Тамшы қатты өкпелеп қалды. Бұл жерге асығып тұрса, мұны да қаламайтын адамдар бар екен-ау. Тағы біраз анасының құшағында аспан көгінде жүрген Тамшы кенет үйінің шатырын жамап жатқан адамға кезікті. Ол да ренжулі сияқты. Жаңбыр жауса, шатырдан аққан су үйімді алып кетеді деп ашуланып, аспанды бұлт торлаған сәтте шатырға шығып, жанталасып жатыр екен. Тамшы мұны көріп тіпті де жерге түскісі келмей қалды. Бұл тек жер бетіне нәр бергісі келеді ғой. Ал адамдар пейілдері бұзылып, мұны қаламайды. Соларға ерегіскенде бұл төпелеп, жер-аспанның астаң кестеңін шығарып үш-төрт күн бойы жауатын ақ жауынға айналғысы келді. Көңілі жабырқаған Тамшы кенет жерде отырған кішкентай қызды көрді. Өзі бірнәрсе істеп отырған сияқты. Анықтап қараған Тамшы қыздың кішкентай, нәзік қызғалдақтың жанында жылап отырғанын көрді. Қызғалдақ нәзік күлтелерін көтере алмай басы салбырап кетіпті. Жапырақтары тіпті жерге жатып қалыпты. Біраз уақыттан бері су ішпей, шөлдеп тұрғаны анық. Бұл ауылда жаңбырдың жаумағанына біраз уақыт болған еді. Ыстық күн бәрінің апшысын қуырып барады. Жан-жануарлар да су іздеп, салқын мен сая іздеп сай-саланы шарлап кеткен. Шақырайған күн төбеде тұрып алып, бір жылжымай тұр-ау. Шіркін, жаңбыр болса! Тамшы қызға да, қызғалдаққа да жаны ашып кетті. Міне, оны жақсы көретін, оны қалайтын жандарды тапты-ау. Бұлт ана да ауылдың жағдайын көріп, жаны ашып кетті. Дереу ащы күннің көзін жауып, тамшы балаларын жерге төге бастады. Тамшы да қуанып кетті. Бауырларымен бірге Қызғалдаққа келіп төгілді де, оның бойына нәр болып құйылды. Кішкентай қыз да, ауыл халқы да қатты қуанды. Бәрі жаңбырдың жауғанын мерекедей тойлап, балалар жалаңаяқ жүгіріп, асыр-салып бір жасап қалды. Кішкентай қыз бен Қызғалдақ та қатты қуанды. Гүлі басын көтеріп, қайтадан жайнағанын көрген қыз тұлымшағы желбіреп, алақанын шапалақтап «Жау, жау, жаңбыр, жауа берші!»деп әндетті. Тамшы да өзінің кішкентай қыз бен гүлге қуаныш сыйлай алғанына қатты шаттанды. Кейде біреуге қуаныш сыйлау үшін бір Тамшының өзі жеткілікті болады екен-ау.
Оқушылар ертегіні өздері оқып баяндайды, тақырып не туралы болатынын анықтайды.
Оқу мақсаты анықталады
Гидросфера туралы түсінік қалыптастыру
Судың қасиеттерін білу
Табиғаттағы су айналымының маңызын меңгеру
|
сурет
географиялық диктант Слайд 1
Интерактивті тақтаға жауабы шығарылады слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
|
Сабақтың ортасы
10-12 минут
1-2 мин
Қорытынды
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма
|
Ертегі кейіпкерлері бойынша топқа бөлінеді
«Бұлт» тобы
«Су тамшысы» тобы
«Кішкентай қыз» тобы
«Қызғалдақ» тобы
1-топ тапсырмасы Гидросфера мәтінімен жұмыс,мұхиттың маңызы
2-топ Судың қасиеті мәтінімен жұмыс, мақал-мәтел айту
3- топ Дүниежүзілік су айналым, суретін салу
4-топ «Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу,мұхиттарды картадан көрсету
Дискрептор 1-топ
1
|
Гидросфера не деген сұраққа жауап береді
|
2
|
Гидросферадағы сулардың арасалмағын анықтайды
|
3
|
Мұхиттың маңызын айтады
|
Дискрептор 2-топ
1
|
Судың қасиеті туралы айтады
|
2
|
«Сусыз тіршілік жоқ» тақырыбына мақал –мәтел айтады
|
3
|
Судың қасиеті туралы баяндайды
|
Дискрептор 3-топ
1
|
Табиғаттағы су айналым туралы айтады
|
2
|
Су айналымның екі түрін ажыратады
|
3
|
Су айналымының суретін салады
|
Дискрептор 4-топ
1
|
«Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазады
|
2
|
Картадан мұхиттарды көрсетеді
|
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» бойынша бір-бірін бағалайды
Мұхитты көзімен көрген оқушымен сұхбат
«Менің сөзім» әдісі бойынша сабақты қорытындылайды
Бір оқушы бүгінгі өткен тақырып бойынша не түсінгенін айтады, өз сөзін қорытындылай келе , келесі оқушының атын айтады. Сөйтіп сабақты бірнеше оқушы қорытындылайды.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты
1.Гидросфера туралы түсінік қалыптастыру
2.Судың қасиеттерін білу
3. Табиғаттағы су айналымының маңызын меңгеру
Оқу мақсатына қаншалықты жеткендіктерімізді стикер жапсыру арқылы көрсетейік.
Рефлексия «Жетістік баспалдағы»
Пікірлерін тыңдау
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері , қызықты мәлімет әкелу
Бағалау: Әр оқушының жұмысына мұғалім жазбаша түрде кері байланыс береді
|
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
|
Достарыңызбен бөлісу: |