Курстық жұмысы



бет12/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123

Екінші суретте Батпақ-Қора көлі жағасында от басында патша жарлығын оқып отырған Аманкелдіге Қарсақбайдағы шахтыда айдауда жүрген Пластунов келеді.
Ол 1905 жылғы көтерілістен кейін жер аударылғанын, неді бірігіп тізе қосатын уақыт келгенін, ертең Торғайға генерал-губернатор Эверсман келетінін, оның үш болыс қазақ елін жинап жиын өткізетін, оған жауап беруді алдын ала ойластыру керектігін Аманкелдіге ескертуге келіпті. Бұл нағыз революциялық жұмыс пьесада мейлінше нанымды берілген.
Үшінші сурет генерал-губернатор Эверсманның елді жинап, патшаның июнь жарлығы бойынша әскерге қаражұмысқа адам алу жайында айтып, жауапқа үш сағат мұрсат берілетінін ескертумен басталады. Байлар – Байтас болыс, ру басы Жапар, атқа мінер Тымақбайлар өздеріне тиімді тізім жасауда, «жандаралға» айтар жауап ойластыруда. Олардың жауабына Тәуке бастаған ел адамдары разы емес. Осылай ары тарт, бері тарт болып отырғанда Аманкелді келеді. Тымақбай бұлаң құйрыққа салып, бірді – екілі кісіні күземнен кейін бере бастармыз дегенді шұбылтады. Оған «Алаш» адамы Зілғар көп сөз не керек, беру керек дейді. Ел бұған шулап, қарслық білдіреді. Осы кезде сөз алған Аманкелді кісі бса тартады. Эверсман оның сөзін қылмыс деп табады. Қыркүйектің бірінен бір адам кешіксе, рақым күтпеңдер дейді. Аманкелдіні ұстауға бұйрық береді. «Аттан!» салған Аманкелді соңына ерігендерін бастап жиынды тастап келеді. Халықтың патшаға бетпе-бет келуі, қарсылық көрсетуі осы тұстан басталады.
Пьесадағы оқиға да осы тұста өрбиді. Төртінші суретте Байтас болыстың үйінде ояз бастығы А.Логинов бастаған бай – болыстар тізімді даярлап жатады. Бұлардың үстіне Аманкелді келіп, тізімді алып кетеді, оған іліккендер соның соңынан кетеді.
А.Логинов Аманкелдінің осал жауап емес екеніне, енді қазақтардың бір де жігіт бере алмайтынына көзі жетеді де, «Алаш» жағы Кенжеғараны Аманкелді отрядына жансыз етіп жұмсайды. Үстем тап өкілдері Аманкелдіден осылайша бірінші соққы алады. Бесінші суретте Аманкелді лагеріндегі сарбаздар өмірі бейнеленеді.
Аманкелдіге іштен іріткі салу үшін ел шонжарлары Жапар, Тымақбайларды жібереді. Осыны көрген Тәуке қарт бірге ере келіп, Аманкелдіге сақ болып жүруін кертеді. Жапар Арғын – Қыпшақ болып, екі мыңдай адаммен қосылғылары келетінін білдіреді. Аманкелді оларды сыртқа теппей, көз алдында ұстауға шешім етеді.
Қарсақбайдан 300 жұмыскер ертіп Пластунов көмекке келеді. Петр Логинов те келіп, Аманкелдінің отрядынада қалады. Бір топ әйелдерді бастап Бану да жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет