Қ о с ы м ш а
Эссе
Бақыт деген...
Бақыт деген, меніңше, өмірге келуіміздің өзі бақыт. Атқан таңды, батқан күнді көрудің өзі бақыт. Ананың ақ сүтін емген әрбір адам, әкенің аялы алақанын көрген адам бақытты. Балалық шақтың бақыты деп мен, достарыммен бірге доп ойнап, көбелек қуып, сыңғырлаған қоңырау үні естілетін білім ұямыз мектепті айтар едім. Ал қазіргі кездегі бақытым, әке-шешемнің аман жүруімен, денсаулығымның күштілігі, сонымен қатар заманымыздың тыныштығы деп айтар едім.
Мен бақыттымын, себебі мен бейбіт, тыныш, тәуелсіз, өркениетті де мәдениетті елде өмір сүремін. Осы елімнің болашағы, ақ таңы үшін бейбіт елімді қорғауға әрдайым дайынмын.
Кейбіреулер ойлайды. Бақыт деген-ақша, байлық, мал-мүлік деп. Ол дұрыс емес, өйткені ақша да, байлық та қолдың кірі, бірде бар да бірде жоқ. Мен айтар едім, бақыт деген- білім, өнер, ақыл.
(8 “ә” сынып оқушысы ??? Талшын)
Эссе
Бақыт деген...
Бақыт дегеніміз бұл- адам баласының басындағы, үлкен бір қуаныш деп ойлаймын. Бақыт дегенді- әр бір адам, әр түрлі ойлайды. Бақыт дегеніміз менің түсінігім бойынша- адам баласы өмірде бақытты болуы деп ойлаймын. Кейбір адамдар ойлайды, машинам болса тағы да соған ұқсас сияқты заттарды ойлап, сол бақыт деп ойлайды. Менің түсінігімше, белгілі бір маман иесі болып, ата-анама, туған-туысыма жемісімді жегізіп, біраз жерлерге танымал балсам маған сол бақыт сияқты деп ойлаймын.
(8 “ә” сынып оқушысы ??? Талшын)
Эссе
Бақыт деген...
Адам баласы өмірге келгенде, әр адамның өзіне алла тағала маңдайына бақыт жазады. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» -дейді ғой . Әр адамның өз бақыты болады және әр түрлі болады. Мысалы: анаң мен әкең қасыңда болса соның өзі де бақыт, тілеген арманың орындалса оның өзі де бақыт. Мектепті ойдағыдай аяқтап, жоғарғы оқу орнына түссем оның өзі зор бақыт. Өзім ғана емес бүкіл жер жүзіндегі адамдарға бақыт тілеймін.
(8 “ә” сынып оқушысы ??? Талшын)
Эссе
Бақыт деген...
Менің ойымша бақыт дегеніміз өмірге адам болып келгеніміздің, денсаулығымыздың жақсы болуының өзі бірінші бақыт. Олай дейтін себебім қазіргі таңда түрлі экологияның зардаптарына ұшырап, кеміс, әл-ауқаты төмен туылып жатқан адамдар қаншама. Соған қарап мен өзімді ерекше бақытты санаймын. Және де өзімнің достарыммен , әке-шешеммен, бауырларыммен бірге жүргенімді, сонымен қатар мектепті жақсы бағамен аяқтап, келешекте мұғалім болуды арман етемін. Мектепті аяқтап жоғарғы оқу орнына түссем менен бақытты адам болмас еді. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші бір ауызбен айтқанда бақыт ойлаған арманыңа, көздеген мақсатыңа еркін қол жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |