Курстық жұмысы



бет1/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123
Документ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмысы




Тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту


Ғылыми аппарат


1. Курстық жұмыстың өзектілігі:
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері — оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары, тиімді әдістерін қарастыру.


2. Зерттеудің мақсаты: орта буын сыныптарда оқылатын драмалық шығармалармен танысу, шығарма мәтінін оқып, өзіндік ерекшеліктерін тану;
- Қаламгер шығармашылығымен танысып, мектеп бағдарламасына енгізіліп отырған драмалық шығармаларды анықтау;
- Мектеп бағдарламасына енгізілген драмалық шығармалардың қаламгер шығармашылығындағы орын, маңызын айқындау;
- Драмалық шығарманың көтерген тақырыбы мен идеясын, образдар жүйесін танып, талдау;


3. Зерттеу міндеттері:
- драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктер

  • драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық, әдістемелік мақсат-міндеттері

  • орта буын сыныптарда драмалық шығармаларды оқыту

жолдары

  • практика жүзінде драмалық шығармаларды оқыту жолдарын ұсыну



4. Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп


5. Курстық жұмыстың зерттеу базасы - №107 мектеп


6. Зерттеу гипотезасы
Егер драмалық шығармалардың оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын ұсынатын болсақ, онда мектеп оқушысының байында әдебиет пен өнерге деген құштарлықтарын оятып, шығарманың мазмұндылығын түсіндіре аламыз.


Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................3


І.1 Драмалық шығармалардың өзіндік
ерекшеліктері..............................................................................5
а) драмалық шығармалардың өзіндік ұғымдары;
ә) драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің зерттелуі.
І.2 Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық, әдістемелік мақсат-міндеттері...............................................................................12

ІІ. 1 Орта буын сыныптарда драмалық шығармаларды оқыту


жолдары.............................................................................................
ІІ.2. Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту...............................
ІІ.3. Әдебиеттің тарихи курсын оқитын сыныптарда драмалық
шығармаларды оқыту ерекшеліктері: Ғ.Мүсірепов «Аманкелді...
ІІ.3. Драмалық шығармалар мәтінімен жасалатын жұмыстар
Қорытынды........................................................................................
Қосымша.............................................................................................

Кіріспе
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері — оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.


Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті — оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік – сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.
Эпостық және лирикалық шығармалармен бірге көркем әдебиеттің күрделі бір түп-саласы болған драмада да жалпы әдебиет заңдылықарына бағынады. Сондықтан да драмалық шығармаларды мектепте оқыту принципі де эпос, лириканы оқытудың әдіс-тәсілдерімен сабақтас болып келеді. Бірақ драманы оқытудың өзіндік ерекшеліктері, өзіндік сипаттары бар. Бұл оның жанрлық табиғатына байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты — мектепте оқылатын драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін танытып, оқушыны көркем өнердің бір түрі, сахна өнері туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру. Мектепте оқылатын драмалық шығармаларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет