Курстық жұмысы



бет9/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123

Қ а м а ж а й: Неге?.. Тауып береміз... Тимур ертең айлық алады.
Н ә з и л а: Оның айлығы өзінен артылмайтын болды ғой. Өткен жолы мен оны паркте бір қызбен көргем. Меніңше, финанс жағын сол кісі басқаратын болуы керек. Ал, енді іске кіріселік.
Қ а м а ж а й: Ойбай-ау... Сендердің қарындарыңның аш екенін білмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. Әлгі Темірбек бір жолдасымды ертіп келем деп еді. Сол екеуінің... Жарайды, сол екеуінің сыбағасын салып берейін.
Г а у һ а р: Жо-жоқ, апа, керек емес. Бізге осы да жетеді.
Қ а м а ж а й: Азаннан бері дым сызбасаңдар қайдан жетсін. Оларға... котлет қуырып бере салармын. Әкеліңдер ыдыстарыңды.
Н ә з и л а: Біздің әпкешка бала сияқты. Не айтсаң, соған сене
береді.

Бұл үзіндіден Қамажайдың өз бауырларының барлық сұранысын қанағаттандырғысы келетін ақ көңілі, қамқорлығы танылады. Аңқаулығы да аңғарылады.


Қ а м а ж а й: (Темірбектің досы Сұлтанға қарап) Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет...імм... тамақ дайындап жіберейін.
Үзіндіден Қамажайдың қонақжайлылығы мен кең пейілділігі, бауырмалдығы танылады. Жасаған қамқорлығы мен жақсылығына өтеу тілемейтін дархан көңілі танылады. (осы сияқты мәтіннен келтірілген мысалдар негізінде Қамажайға толық мінездеме жасалып, кейіпкер тұлғасы ашылады).

Драмадағы басқа кейіпкерлердің де іс-әрекеті, болмыс-бітімі талданады.


Кейіпкерге берілетін мінездеме үлгісін әр топ өз қалауларына байланысты жасайды.

— Аға-қарындас Темірбек пен Нәзиләнің арасындағы сөз тартыс, достар арасындағы әңгімелердің өрбуі атап айтсақ
Кәмила. Қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, субьективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік.
Сұлтан. Біреуге ұнамауды мақсат ету де адамды рухани тұйықтыққа итермей ме?
Кәмила. Сен мені түсінбей қалыпсың. Біреудің қабағына қарап, соның ақылымен өмір сүру, қайткен күнде де оған да өзің жайлы жаман пікір қалдырмауға тырысу-адамды ой бостандығынан айырады. Ал, ой бостандығы болмаған жерде... айталық, сен қолыңа гитара ұстап, туған күніңді думандатып, маған қарсы дау айтып отырғаныңа қарамастан, тіпті он екі мүшесі сау, қаланың ортасынан үш бөлмелі пәтеріне, жергілікті комитеттің мүшесі екеніне де қарамастан, мына
сен ... сыртын терімен қаптай салған тұлып болар едің.
Сұлтан. І-імм. С-солай де. Ашулануға тұрарлық сөз екен. Бірақ жақын досымның үйіне алғаш рет келіп отырғандықтан, шаңырақтың шырқын бұзғым келмей отыр. Дегенмен, айта қойшы, жұрттың бәріне бірдей ұнамауды мақсат еткен адам ғана ой бостандығының иесі санала ма? Обьективті пікір деген бар ғой.
Светлана. Жоқ.
Сұлтан. Қалайша? Обьективті пікірді жоққа шығарғың келе ме?
Светлана. Жоққа шығарғым келмейді. Өйткені ол болған емес. Обьективті пікір деген-субекьтивті пікірлердің жиынтығы .
Сұлтан. Ал , әйтпесе, ХХ ғасырдың жойқын нигилисі арамызда жүр екен ғой. (Гауһарға қарап ) Бұған сіз қалай қарайсыз, қарындас?
Гауһар. Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын.
Сұлтан. Бұл да өзінше жаңалық екен. Қалыс қалудың сәті табыла кеткен түрі ғой.
Темірбек. Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды өтінемін.
Светлана. Жо-оқ, жалғастыра берсін. Мен үшін өте қызық. Меніңше, дастархан басында адамдардың сөзінен ақ бүтін бір қоғам мәдениетінің даму деңгейі көрінеді. Білімді жастардың айтысы да, тартысы да әлеуметтік биіктен басталуы керек. Обективті және субективті пікір дегенді мен күнде естіп, сол сөзді өзім қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын. Сұлтан, ол жөнінде сенің ойың қалай?
Сұлтан. Сен өз сұрағыңа өзің жауап беріп отырсың ғой. Мен өз пікірімді айтсам, демек ол субьективті пікірім, ал көпшілікке ұайтын ойымды айтсам, ол обьективті пікір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет