І.1. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері.
Орта білім беретін мектептерде әдебиет сабағынан берілетін мәтін түрлері әр алуан болып келеді. Эпикалық шығармалар, лирикалық шығармалармен қатар драмалық шығармалар да оқытылады. Драмалық шығармалар да басқа жанрдағы шығармалар сияқты әдебиет заңдылықтарына бағынады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту принциптері эпикалық, лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерімен сабақтас келеді. Дегенмен драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері де болады.
Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол өзінің қоғамдағы орны мен жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның осы екі жақтылығын ескеру керек.
Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді: комедия, драма, трагедия. Драмалық шығармаларда автор өмір болмыстарын көркем типтік жағдайларда тартыс үстінде көрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты нысаны — адам, оның қоғамдағы орны, іс-әрекеті, жеке басының қасиеті, ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр өнерінің дамуына байланысты драмалық шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либеретто т.б.)
Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сөзінен тұрады. Диолог, монолог түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда “пьеса” немесе “спектакль” деп аталады. Пьеса өз ретінде афишадан, акті, сурет, көріністерден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, суреттеулер болмайды. Кейде автор өз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер “ремарка” делінеді және жақшаға алып жазылады.
Драма — қазақ әдебиеттінің кейіндеп дамыған саласы. Сондықтан қазақ әдебиетін оқытуда оның әдістемесі дамымай келеді. Бұған тағы бір себеп мектеп қабырғасында оқытылатын драмалық шығармалардың аздығы және оны оқытудағы теориялық тіректің жоқтығына да байланысты. Орта буын сыныптарда драмалық шығармалардан Д.Исабековтің “Әпке” драмасы оқытылады. ХІ сыныпта Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек”, Ш.Мұртаза “Бесеудің хаты” т.б.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша жазылған ғылыми еңбектер мен зерттеулерде драмалық шығармаларды оқыту жайлы көп айтыла бермейді. Аталған шығармалардың сахнаға арналып жазылатын ерекшелігі оны мектепте оқып талдауда белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Бірақ қалай дегенде де, бұл туындылар мектепте оқыту мақсаты үшін оны талдау, игерту жолдары мен әдістері де тиімділік жағынан зерттелуі керек.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырған әдіскер-мұғалімдер мен әдіскер ғалымдар санаулы. Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын қарастырып, әдістемелік құрал жазған — Сайлау Дүкенбаев. С.Х.Дүкенбаевтың “Мектепте драмалық шығармаларды оқыту” атты оқу әдістемелік көмекші құралы 1985 жылы “Мектеп” баспасынан жарияланған(1).
“Драмалық шығармаларды оқыту” тақырыбында кандидаттық дисертация жазылды(2). (Рыскүл Байділдақызы Бораш, 2006).
Солай бола тұра драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі әлі де көп қарастыруды, зерттеуді қажет ететін тың тақырып болып есептеледі.
Драмалық шығарманы мектепте талдауда мұғалім алдында бірнеше мәселе тұрады. Бұл мәселелер драманың тақырыбы мен идеясына, сюжеті мен композициясына, кейіпкерлер мен әрекеттерге, тіліне, сахналық қойылымына т.б. қатысты.
Драмалық шығарманы талдау мәтінмен жұмыс істеу арқылы іске асады. Қашан да басты назар драманың тіліне аударылады. Тілдің қолданылу аясы, — адамдардың сөйлесуі — диолог. Диолог — тіл болмысы. Сондықтан оған үңілу шығарманың сырын ашады. Драма тілі кейіпкердің жай ғана сөйлеуі емес, автордың мақсатты түрде саралап салған сөздері болып есептеледі. Демек, драма тілі — көркем тіл. Әлемге әйгілі драматургтер Шекспир, Молер тілі шынайылығымен, дәлдігімен, ойнақылығымен, уытты-өткірлігімен ерекшеленеді. Драмада адамдар тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. Олардың бар болмысы, сөйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, кейпі, мінезі — көруші назарында болды.
Эпикалық тек пен лирикалық тектің жанрларында танылатын кейіпкерлердің болмысынан драмалық кейіпкер болмысы өзгеше. Себебі драмалық кейіпкер нақты іс-әрекетімен жанды қимылда көрінеді. Сахнадағы рөлді сомдаушы актердің бет бейнесінде, іс-әрекетінде, сөйлеуінде жанды кейіпте көрінеді, танылады. Драмалық шығарманы оқып қабылдау мен оны нақты сахналық қойылымда көріп қабылдаудың айырмашылығы болады. Оқушы үшін тиімдісі сахналық қойылымды көріп тамашалау. Себебі мектепте оқылатын драмалық шығармалардың барлығы дерлік сахналанған. Дегенмен сахналық қойылымды көрсету мүмкіндіктері үнемі бола бермейді. Сондықтан драмалық шығарманы оқытқанда ролге бөіп оқыту, мүмкіндігінше, оқушылардың шама-шарқынша сахналату, рөлмен оқыту аса маңызды. Бұл дайындық төменгі сыныптарда қалыптастырылуы керек.
Бастауыш және орта буын сыныптарда оқытылатын шағын ертегі, мысал, әңгімелерге инсинировка жасау, рөлмен оқу, рөлдік ойындар жүргізу т.б. жұмыс түрлері — драмалық шығармаларды танып-білудің алғашқы бастамасы болып есептеледі.
Оқушылардың театрдан, сахнадан көрген түрлі қойылымдары олардың драма табиғатын тани түсуіне көмектеседі. Оқушылардың драмалық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма үйірмесінің тигізер әсері мол.
Бастауыш сыныптарда драмалық шығармалар оқытылмайды, бірақ С.Желдербаева (3) мұнда рөлге бөліп оқытылатын басқа жанрлардағы шығармалардың молдығын атап өтеді. Мәселен, І.Жансүгіровтің бастауыш сынытарда «Шәркей», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т.б шығармаларын оқытылады. Осы шығармаларды оқыту барысында рөлмен оқыту арқылы, сондай-ақ кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндату арқылы оқушыларға кейіпкердің іс-қимылын бақылатуға болады. Ендеше, мұндай қарапайым оқиғалы шығармаларды келешекте драмалық шығармаларды оқытуға дайындық түрінде жүргізуге мүмкіндік мол.
Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарға оқытылатын мысал жанрындағы шығармалармен инсинировка жаздыру, оқушылардың өздеріне ойнатып көрсету көптеген шығармашылық жұмыстардың тууына жәрдемдеседі. Мәселен, И.А.Крыловтан Абай аударған мысал өлеңдер сюжетінің жеңілдігі мен композициялық құрылымының қарапайымдылығы жағынан төменгі сыныптардың өзіне инсинировка жаздыруға қолайлы шығармалар болып табылады. Бұл ретте “Шегіртке мен құмырсқа”, “Қарға мен түлкі”, “Емен мен шілік”, “Есек пен бұлбұл”, “Піл мен қанден”; А.Байтұрсынұлының “Егіннің бастары”, “Қартайған арыстан”, “Қайыршы мен қыдыр” сияқты мысал өлеңдеріне инсинировка жасатуға болады. Бастауыш сыныптарда инсинировканы қарапайым бір-екі оқиға төңірегінде
жасата отырып, оқушылардың өздеріне сахналық декарация мен рөлдік костюмдердің көмегімен рөлмен ойнатып көру оқушы қызығушылығын тудырады. Драмалық шығармалардың ерекшелігін тануға көмектеседі. Ал орта буын сыныптарда драмалық шығармалардға тартыстың мазмұнын бірнеше түрде өзгерте отырып ойнату, салыстырту драма жанрын терең түсіндіруге мүмкіндік туғызады. Меселен, бір шығарманы бірнеше топқа тапсыра отырып, тартыстың мазмұнына қарай комедия жанрында, трагедия, драма жанрында ойнату, салыстырту аса қызықты да тиімді нәтиже көрсетеді.
Инсцинировка, киносценарий құрастыру оқушылардың көркем мәтінді терең әрі шығармашылық жолмен түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кино, сахна өнеріне деген қызығушылығын да арттырады. Оны төменгі сыныптарда да, жоғары сыныптарда да орындатуға болады. Сынып ерекшелігіне қарай орындататаны жұмыс мазмұны да түрлі дәрежеде болып келеді. Төменгі сыныптарда мұғалім ондай жұмыстарды қалай орындаудың үлгісін өзі көрсетеді. Кинодан үзінді көрсету, оның құрылымды\ң элементтерін талдату, оқыға желісін саралату аса маңызды. Киносценарий, инсцинировкалар жасату. Сондай-ақ көркем мәтінді ыждаһатпен, оймен оқуға, көркем мәтінді көз алдына келтіріп, бейнелі түрде қабылдауына әсерін тигізіді. Киносценарий құрастыру үшін бір оқиға, бір көріністі ғана таңдап алуға болады. Шағын шығармаларды тұтастай алуға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |