І.2. Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық, әдістемелік мақсат-міндеттері Драмалық шығармаларды оқытудың дидактикалық мақсат, міндеттерін айқындау осы тектес шығармаларды оқыту жолдарын саналы түрде ұйымдатыруға жол ашады.
Драмалық шығарманы оқыту әдістемесі жайлы әдіскерлердің көбі шығарманың сыныпта оқылғанын құптайды. Әрине шығарманың көлеміне қарай жекелеген бөліктерін оқуға да болады.
Пьесаны сыныпта оқу ұжымдық еңбек болып саналады. Оқушылардың кейіпкерлерді оқу үстінде елестетуі — психологиялық акт. Сондықтан мұғалім елестету актісіне қиял қосқаны тиімді. Драма мәтінінде кейіпкер портреті болмайды. Дәл прозалық шығармалардағыдай кейіпкер портреті болмағанымен, афишада кейіпкердің жасы, ерекшелігі, қызметі, киімі, мінезі т.с.с. сілтемелер беріледі. Сондықтан кейіпкерді елестетідің өзі шығармашылықты, типтік характерлерді білуді қажет етеді. Кейіпкерді елестетет алғаноқушы оның тіл мәнерін де ескере алады.
Сыныпта оқылмас бұрын сол шығарма жайлы шағын кіріспе әңгіме, пікірлесу өткізіледі. Мұғалім пьеса жайлы тұжырымды анықтама беруі керек. Шығарманың тақырыбы, жазылу уақыты, тарихи фоны, құрылысы, әдебиеттегі және тетрдағы орны туралы мәлімет береді. Сол шығрманы қойушы режиссерлер мен кейіпкерді сомдаған сахна шеберлері туралы да дерек берген орынды.
Бастауыш және орта буын сыныптарда шағын ертегі, мысал, әңгімелерге инсценеровка жасау, рөльмен оқу, ойнау т.б. сияқты жұмыстар-драмалық шығарманы танып білудің бастамасы. Ал мектеп практикасында мұндай тәжірибелер жиі кездеседі. Әдебиет мұғалімі осыларға мән беріп, оларды көлемді драмалық шығармаларды оқытуға кірісер алдындағы даярлық жұмыстар ретінде бағалап, ескергені жөн.
Драмалық шығармамен таныстық орта буын сыныптардан басталса, жоғарғы сыныптарда ол міндетті оқу программасына сәйкес одан әрі жалғастырылып, енді оқу мен талдау жұмысы оқу пәніне және оның әдістемелік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Белгілі бір пәнді оқыту әдістемесі сол пәндермен ұқсастық және айырмашылық жақтарымен анықталатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда драмалық шығарманың басты ерекшелегі деп оның диологты әрәкетке құрылуын айту керек.
Көлемі жағынан да драмалық туындылар көбіне шағын әрі өзара шамалас болып келеді.
Мұғалім күрделі драмалық шығарманы өзі оқығанда, оқушылар пьесаның идеялық-көркемдік бітімін тұтас қабылдайды, ал бұл талдау үшін жеңілдік тудырады дейді. Әйтсе де, бұлардың ішінде рольмен оқу кең тараған. Зерттеушілер драманы бірден рольмен оқудың онша тиімді бола бермейтінін айтады. Өйткені рольмен оқығанда оқушылар күшті оқу техникасына ғана салады да, пьесаның «үні» көмескі болып қалады.
Практикада оқудың үшінші түрі - жеке көріністі оқу сирек кездеседі. Сөйтсе де, оқудың бұл түрінің пайдасы көп. Оқушы жеке көріністі оқуға даярланған, ондағы характерлерді, оқиғаны, тартысты түсінуге күш салады. Сондықтан да бұл оқушы білімін анықтауға қызмет етеді. Сондай-ақ көріністегі оқиғаның жалпы оқиғамен байланысын, композициялық мәнін бағалау үшін де пайдалы. Аталмыш еңбекте бұл мәселе дұрыс атап көрсетілген.
Әрине, оқуға алдын-ала арнайы дайындық жүргізілсе, оқылатын мәтіннің қысқаша мазмұны, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, ішкі дүниесі т.б. жағдайлар анықталса, рольмен оқу әрі мәнді, әрі тиімді болатыны рас. Әдетте, мұндай оқу үшін мұғалім күні бұрын 5-6 оқушыны (мәтіндегі кейіпкерлерге орай) арнайы даярлайды.
Бұл арада басын ашып алатын мәселе мынау: қалай болғанда да пьесаны сыныпта міндетті саналу керек: Әрине, сынып — театр сахнасы, оқушылардың рөлмен оқуы театр актерлерінің сахнадағы ойнауы емес. Драманы мектепте оқып үйренуді театрландыру деп ұқпау керек. Екеуі екі басқа дүние. Сыныпта оқуда ым-ишара, қол, бет-ауыз, қимыл әрекеттері т.б. қатыспайды десе де болады.
Оқушылар пьесаны оқығанда текстегі ой мен әрекет логикасын түсініп отырулары қажет. Рөлмен оқушылардың интонациялары тыңдаушыларға әсер ететіндей болуы тиіс. Сыныптағы оқу кейіпкер рөліне енуді көздемейді. Оқушы оқып отырған мәтінмен байланысты кейіпкерлер мен іс-оқиғаға өз қатысын білдіріп отырса жеткілікті.
Ал пьесадағы кейіпкерге ұқсау, оның психологиялық көңіл күйін сездіре оқу оқушыларға ауыр. Сондықтан оны талап ету ретті бола бермейді деп есептейміз. Себебі, пьесада кейіпкердің шектен тыс трагедиялық халін немесе лирикалық сезімін, жеке басының күйінішін (көзіне жас алуын ) т.б. күлкілі жайттарды көрсететін сәттер кездесуі мүмкін. Сыныптағы оқудың басты мақсаты — оқығанын түсіне білу, сол негізде тыңдаушыларға кейіпкерлердің ойы мен ісін сездіруге тырысу. Әрине, кейіпкерлердің түрлі характерін ашу үшін оқушыдан сол характерді тани білу талап етіледі. Мұның өзі оқу арқылы пьесаның кейіпкрлерін танудың басы болады. Ендеше оқу алдында әр кейіпкерге лайық дауыс ырғағын, эмоциялық мәнерді сабақта анықтап алу сабақтың басты нысаналарының бірі болуға тиіс.
М.Әуезовтің “Түнгі сарын” пьесасындағы Майқан болыстың ерке-тотай әйелі Бибіш-Жүзтайлақ атанған сұлу да менмен, паң да айлалы, зымиян адам. Ол кедей қызы Мөржанды қайнысы Нұрқанға шырмап бермек болады. Бірінші актінің бірінші көрнісінде осы екі кейіпкердің әрекеті берілген. Жүзтайлақтың дауыс интонациясы зілді, әмірлі, арынды, ойнақы болып келсе, Мөржан сөзі жазықсыз адамның іштей ашынуын байқатарлықтай ұяң, шерлі, сонымен бірге ойнақты болып келеді.
Енді сол көріністен мысал келтірейік: