Курстық жұмысы


Кенжеғара: Болмайды. Сен маған айтпа, мен саған айтпаймын. Сөзбен емес, көзбен ғана ұғысайық оны. Күні туса көрерміз. Жапар



бет22/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
stud.kz-63123

Кенжеғара: Болмайды. Сен маған айтпа, мен саған айтпаймын. Сөзбен емес, көзбен ғана ұғысайық оны. Күні туса көрерміз.
Жапар: Е, болсын.
Бұл эпизодтан байқайтынымыз, Кенжеғара бай таптың оқыған азаматы ғана емес, мына аласапыранда олардың саяси лидері. Ол екі жүзді саясат ұстанады. Бір жағынан, патша монархиясына қарсы, екінші жағынан, революцияға қарсы, оның көздейтіні — ұлтшыл буржуазиялық мемлекет.
Аманкелді көтерілісіне бай өкілдерін тарту арқылы, түптің түбі жеңіс жетістігін өздері пайдаланғысы келеді. Тіпті жүріп жатқан, дүние жүзілік соғыста Россия жеңілсе, оны Түркия сияқты ел пайдаланса, қарсы емес. Бұл нағыз сатқындық саясат ұстанған адам. Осы себепті ол бір жағынан, ақ патшадан да, екінші жағынан, Аманкелдіден де қол үзгісі келмейді. Түптен келгенде, Кенжеғара халықтың қаскөй жауы. Оны ол пьесада бар іс-әрекетімен, айла-шарғысымен дәлелдейді. Ең ақырында Аманкедіні өлтіреді. Бірақ онымен көтерілісшілерді жеңе алмайды. Кенжеғаралар күні өткен, тарих үкімін шығарған топ өкілдері деп суреттеледі. Автор осы екі топтың күресін шындықпен көрсетуді мақсат етеді.
Пьесада әр кейіпкердің өзінше мінезі, іс-әрекеті, сөйлеу тілі бар. Аманкелді, Кенжеқара образдарын сыныпта өткеннен кейін басқа, басқа образдарды оқушыларға бөліп беріп, өздігінен жазбаша талдағандары дұрыс. Талдау жұмыстарын үйге беруге де болады.
«Аманкелді» пьесасан оқыту жолдарын қарастырғанда жоғары сыныпта қаламгерлердің тарихи тақырыпқа жазылған драмалық шығармаларын оқыту жолдарын, мүмкіндіктерін саралауды да көздедік. Мәселен, 11-сыныпта М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” трагедиясы, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” трагедиясы, І.Жансүгіровтің “Исатай — Махамбет” драмасы оқытылады. Аталған шығармаларды оқытқанда оқушыларды өздігінен іздендіруге, шығармашылыққа баулудың амалы тапсырмалар жүйесін құру, мәтінмен атқарылатын жұмыстарды кең қамту деп түсінеміз.
ІІ.3. Драмалық шығарма мәтінімен жасалатын жұмыстар

Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігін танытуда сахнада рөлмен оқу, сахналық қойылымның не екенін елестету, сонымен қатар драмалық шығарманың өзіне ғана тән түсініктерін акт, көрініс, ремарка, перде, т.т. білгізу аса маңызды. Көркем шығарма ретінде драмалық шығарманы оқыту рөлдік ойындармен ғана шектелмейді. Ең бірінші драмалық шығарма да басқа тектегі, жанрдағы шығармалар сияқты көркем мәтін болып есептеледі. Ендеше, драмалық шығармаларға да мәтін талдау жұмыстарының барлығы дерлік жүргізіледі. Шығарманың идеялық көркемдік етекшеліктері, көтерген басты тақырыбы, көркемдік әлемі, кейіпкерлер жүйесі, шығармадағы тартыстық өрбуі, сюжеттік, композициялық құрылымы, кейіпкерлер тілі т.т.


Әдебиетті оқыту негізінен эстетика мен мәдениеттану ілімдеріне арқа сүйейтіндіктен, драмалық шығармаларды оқытуда мақсатқа жетудің жолы — жаттығулар жүйесін жасау. Драмалық шығармаларды оқытуда әдеби ойындардың да алатын орны ерекше. Мәселен, Д.Исабековтің “Әпке” драмасындағы Тимур, Назила, Света, Кама сияқты жастардың адам, қоғам, заман адамы жайлы ойларын проза тіліне айналдыра отырып, шағын ой толғау жазу, эссе жазу; шығармада көтерілген проблемалық сұрақтар төңірегінде интервью, сауалнама алу т.т.
“Аманкелді” пьесасындағы заман шындығы” тақырыбына дебат өткізу;
“Аманкелді және “жаңа заман жаршылары” тақырыбына сын пікірін жазу;
“Исатай-Махамбет” драмасынан орындалатын шығармашылық жұмыстар:
“Менің атым Махамбет” - батыр рухына поэзиялық арнау.
“Арыстан одан кім өткен?!” Исатайға қара сөз құдіреті арқылы ескерткіш орнату. 3. “Исатай — Махамбет” трагедиясының ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі. Ой-толғау жазу.
“Исатай-Махамбет“ трагедиясы және автор. Сыни тұрғыдан көзқарасын білдіру.
“ Трагедия оқылғаннан кейінгі ой ...” пікірталас өткізу;
Өтілген драмалық шығармадан “Жалғасын тап”, “Мен қай шығарма кейіпкерімін? Ойынын ойнату. Ол үшін бір оқушыға өтілген драмалық шығармадан өзі таңдап отырған кейіпкер сөзін оқытып сыныпқа сол кейіпкер тілінің ерекшелігіне қарай тапқызу.
Экспериментте әдеби талдау авторлық ойды анықтау, драманың композициясын табу, шығарма тіліне талдау жасау бағытында жүргізілді. Әдеби талдау қортындысында оқушыда әдеби ой-толғауға қатыса алу, ой тұжырымын дәлелді, нақты жеткізе білу, авторлық идеяны тани білу, драманың көркемдік, тіл ерекшелігін талдай алу шеберлігі қалыптасатыны байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет