Also - да; too - бірге; as well – солайша; either - солай. Осы шылаулар сөйлемдердің алдыңғы айтылымдармен байланыстыру үшін қолданылады. Either шылауы болымсыз сөйлемдерде қолданылады.
We are planning an outing tomorrow. Jack is coming too. – Біз ертең пикникке баруды жоспарладық. Джек те бізбен бірге барады.
Демеулік шылаулар көмекші сөз табы болғандықтан сөйлем мүшелері бола алмайды. Олар үстеулерден біршама ерекшеленеді.
I have just come. –Мен жаңа ғана келдім. Үстеу
I just come to see you. – Мен тек сені көріп кетуге келдім. Шектеулі демеулік шылауы.
Осы аталған демеулік шылаулардың арасында модальді мағынаны күшейтіп, сөйлеушінің айтылымға деген қатынасын айқындайтын сөздер жиі кездеседі.
1.3. Ағылшын тіліндегі модальді етістіктердің морфологиялық жолмен берілу тәсілдері
Шетел және отандық лингвистердің берген түрлі анықтамаларына қарамастан, ағылшын және қазақ тілдерінде модальділік категориясының берілуінің негізгі морфологиялық тәсілі рай категориясы болып табылады. Шетел тіл білімінде көп жылдар бойы рай категориясы сөйлеуші арқылы істің ұсынылу тәсілін білдіретін етістік категориясы немесе етістікпен анықталған сөйлеушінің іске деген қатысын білдіретін категория болып саналған. Екі жағдайда да рай категориясы таза субьективті категория ретінде қарастырылады. D.Biber, C.Collins сияқты шетел авторлардың жұмыстарында рай категориясы шындық пен етістік арқылы берілген істің арасындағы байланыс туралы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін категория болып саналған. Осы сияқты қазақ тіл білімінде де ғалымдар рай категориясы жайлы түрлі ой-пікірлерін білдіреді.
Етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категориясын айтады. Рай категориясы түсінігі туралы бірыңғай пікірлердің болмауы ағылшын тіліңде рай категориясының саны мен номенклатурасын, көптеген сұрақтар туғызып отыр. В.В.Жигадло, И.П.Иванова, Д.А.Штеллинг қарама-қарсы көзқарастағылардың қатарына жатады. Алайда олар райлардың саны туралы бір тұжырымға келе алмайды. Советтік англистикада [3,422б]А.И.Смирницкийдің алты райлық жүйесі кең түсіндірілген. Олар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай 1 (be/go), шартты рай 2 (were/went), болжамдық (should+simple Infinitive) және шартты (should/would+simple, perfect Infinitive)..
Д.А.Штелинг пікірінше рай категориясының жүйесі реальділік және ирреальділік қарама-қарсылығының негізінде екі раймен анықталған және осы жағдайда рай категориясының жүйесіне бұйрық рай кірмейді.
Ағылшын тілінде индикативтің негізгі мағынасы істі реальді етіп көрсету және оның обьективті шындықпен қатынасын айтады. Екі тілде де ашық рай іс жүзінде болғанын, болып жатқанын немесе болатындығын білдіреді. Индикатив барлық грамматикалық шақтармен байланыста болады және кез келген реальді істің шақтан тыс, яғни шақпен байланыссыз жүзеге асырылады деп саналады. Ағылшын тілінде реальділіктің фактілердің констатациялауынан өзге келер шақтағы shall/will+тура сө тәртібі арқылы жасалған ашық рай формасы тірткі-болжамдылық модальділігін білдіреді. Мысалы: Will you close the door?
Бұйрық рай (императив) екі тілде де қимылды жасау жасамауды басқалардан талап етіп, қимылға қозғау салатын рай болып саналады. Сонымен қатар бұйрық немесе талап, өтінішті білдіреді. Істі істеуге немес істемеуге сөйлеуші тікелей қатысты болады, сондықтан екі тілде де 2 жақ маңызды рөл атқарады. Ағылшын тілінде бұйрық райдың негізгі формасынан өзге перефериялық форма бар. Ағылшын тілінде let етістігімен тіркесте.
Шартты рай ағылшын тілінде зерттеу барысында ең көп қиыншылықтар туғызатын рай болып табылады. Өйткені екі тілде де осы райдың семантикасына тән істің болжамдылығын, қаланатындығын немесе міндеттілігін білдіру үшін көптеген берілу тәсілдері бар. Сонымен қатар бүгінгі таңда ағылшын тілінде осы райдың аталуы да аз емес сұрақ туғызып отыр. Ағылшын тілінде Subjunctive, Conditional, Suppositional, Irrealis, Dubitative және тағы басқалар, ал қазақ тілінде тек қана шартты рай атауына ие. Көптеген көзқарастарды есепке ала отырып, біз ағылшын тілінде Subjunctive деп, ал қазақ тілінде шартты рай деп аламыз. Ағылшын тілінде субьенктив синтетикалық ( I, You, He, She be, go, know) және аналитикалық (should/would+nonperfect infinitive) формаларға ие. Present Subjunctive формасы ашық райдың Past Simple формаларымен омонимды болып келеді және синтетикалық формаларды зерттегенде, осы құбылыс қиыншылық туғызады. Past Subjunctive аналитикалық формаларды зерттесек, should/would етістіктері өзінің модальді мағынасын сақтайды, ал басқа жақтан келер шақтың өткен шақтағы аналитикалық формасы құрамына енеді.
Ашық райдың Past Simple формасындағы шартты райдың синтетикалық формасы индикативтің реальділік формаларына қарсы іс-әрекеттің болжамдылық,тілік немесе неғайбілділігін білдіреді.
He will be a pilot next year - реальділік мағынасы. It is desirable that she be at school at 1 o’clock - болжамдылық мағынасы. should/would+nonperfect infinitive шартты райдың аналитикалық формасында модальді етістіктер өзінің лексикалық мағынасын жоғалтқан және шартты сөйлемнің басыңқы сөйлемінде қолданғанда істің өзін білдірмей, олардың салдарын білдіреді. Ағылшын тілінде шартты райдың берілу түрлері сан алуан. If, in case, until, unless арқылы жасалатын шартты райды-Conditional Mood дейді. Реальді емес жағдаятта тілек білдіретін I wish it was raining сияқты конструкцияларды тілек рай (Desiderative mood) деп қарастырады. As if, as though, if only, even if сияқты шылаулар арқылы жасалатын ирреальділікті білдіретін конструкциялар Irrealis құрайды. Шартты райдың сан жағынан көптілігі оның семантикалық мағынасының ерекшеліктерін көрсетеді.
II БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1. Ағылшын тіліндегі модаль сөздер
Беляева М.А. шығарған «Ағылшын тілінің грамматикасында» келесідей анықтама беріледі: «Mодаль сөздер-сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға субьективті қатынасын білдіретін сөздер». [4,32б]
Модаль сөздер-ағылшын тілінде сөйлеушінің айтылған хабардың мазмұнына деген қатынасын білдіру үшін қолданылатын өзгермейтін сөздер қатары болып табылады. Модаль сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды және олар көбінесе интонациялық түрде ерекшеленген компаненттер түрінде ғана қолданылады.
I shall come, of course.
Достарыңызбен бөлісу: |