Диалогтарда кейбір модаль сөздері (мысалы, of course, certainly, no doubt, perhaps және т.б.) сөз-сөйлем қызметін атқара алады. Shall I come?-Of course. Модаль сөздер өздерінің лексикалық құрамы және семантикалық мазмұны және сөйлемде қызмет ету тәсілі бойынша өздерінің ешқандай сөз табына қатысы жоқ арнайы сөздер тобын құрайды. Формасына қатысты модаль сөздердің арнайы біртұтас сипаты жоқ. Алайда семантикалық және синтаксистік сипаттары әлденеше айқын көрсетілген және де осы жайт көптеген лингвист зетттеушілерге модаль сөздерді жеке сөз табына жатқызуға жәйек береді. Модаль сөздердің семантикалық сипаты ретінде модаль сөздердің субьективті тұрғыдан айтылған хабарға деген шындығы, болжамдығы, жорамалдығы және тілек білдіруі болып табылады. Қатынас мағынасында модаль сөздер номинативті мағынанаы білдіретін сөз таптарынан біршама өзгеше болып келеді, алайда мазмұнының дербестігіне келсек олар көмекші сөз таптары емес жеке сөз таптарына жатады.
Өздерінің айқын лексикалық мағынасына байланысты модаль сөздер модаль етістіктердің мағынасынан гөрі мағынаны және модальдік реңктерді дәлірек білдіреді. Егер ағылшын тілінде модальді етістіктер іс-әрекеттің орындалуының болақта орындалу жорамалдығын білдіре алмаса, модаль сөздер осындай функцияға ие. Модаль сөздер кейде Yes/No хабарлы немесе болымсыз сөйлемдермен ұқсас сөз-сөйлем ретінде қызмет атқара алады. Алайда Yes/No сөз-сөйлемдері ешқашан өз күйін өзгертпейді, ал модаль сөздер сөз-сөйлем функциясын атқара алады немесе диалогта қыстырма сөздер функциясын атқара алды.
Модаль сөздер-сөйлеудің (речь) маңызды бөлігі, ал қыстырма сөз ретінде басқа сөз таптары, сөз тіркестері, үстеулер, айналымдар немесе инфинитивті конструкцияр бола қызметін атқара алады. [14,152б] Сөз табы ретінде модаль сөздереге әрқашан қыстырма сөз функциясын орындайтын сөздер ғана жатады. Бұл сөздер басқа сөздермен қолданыла алу шектелуімен және тұрақтылығымен сипатталады және ерекшеленеді. Модаль сөздердің көпшілігі үстеулерден пйда болған және формасы жағынан - ly суффиксі бар үстеулерімен сәйкес келеді. Модаль сөздер үстеулерден мағынасымен және ситаксистік қызметімен айрықшыланады. Үстеудің мағынасы және синтаксистік функциясы оның іс-әрекеттің обьективті сипаттамасын беруінде немесе іс-әрекет орындалатын кездегі жағдайға сілтейді және бір сөйлем мүшесіе жатады. Модаль сөздер әдетте тұтас жалпы сөйлемге қатысты және сөйлеушінің айтылған ойға субьективті қатынасын білдіреді.
Certainly, you cannot interfere. Әрине, сіз араласа алмайсыз. (Certainly-модаль сөзі, айтылған ойға сөйлеушінің субьективті ойын қамтығандықтан, жалпы сөйлемге қатысты және қыстырма сөздің функциясын орындап тұр). Әрбір топ шеңберінде модаль сөздер мағынасы жағынан туыстас, алайда сонымен қатар әр біреуі өзінің реңктерін білдіреді немесе сол семантикалық таптағы басқа модаль сөздерден сөйлеу барысында қолданылуымен ерекшеленеді. Surely there is something radically wrong in this attitude.“To live with her?” inquired Robert coolly. “Certainly not to turn her out baggage if she has been accustomed to live with me,” replied Lester. “I’m not causing youany real trouble, am I?” he asked. “Surely not.” “Surely for that reason, if for none other, you should not have made his sister’s name a by-word.” The next night, of course, I arrived at the place again Модаль сөздер-ол айтылған ойға сөйлеушінің субьективті қатысын білдіруге қатысатын сөздер жататын сөз таптары. [11,113б] Форма жағынан модаль сөздерде қандай да бір бірегей белгісі жоқ. Алайда тағы басқа екі белгісі-семантикаллық және синтаксистік белгілері анық көрсетілген және бұл жайт көптеген тілші ғалымдарды модаль сөздерді жеке сөз таптары қатарына жатқызудың себебі болып табылады. Мағынасы жағынан модаль сөздер номинативті қызмет атқаратын жеке сөз таптарынан біршама ерекшеленеді, алайда олар көмекші сөз таптарына емес, жеке сөз таптарына жатады екен.
Модаль сөздерді синтактикалық белгісі-ол сөйлемдегі қыстырма сөзінің функциясы, немесе өте жиі сөз-сөйлем ретіндегі функциясын атаймыз.
Модаль сөздердің синтаксистік ерекшелігі деп олардың басқа сөздермен үйлесе алу қабілетін айттық. Probably, they were right to keep him. They wereprobably right to keep him. They were right to keep him, probably.
Тіл білімінде әр түрлі тілдердің салыстырмалы-типологиялық зерттелуі жылдан жылға маңызды болып отыр. Оларда тілдердің генетикасы жағынан қай тілге жататына қарамастан, тілдің құбылыстарының құрылымындарының салыстырмасы беріледі және бұл жалпы бірдей тілдік категорияларды белгілеуге мүмкіндік береді.
Беляева Е.И. коммуникативті негізге байланысты модальділік категориясының берілуі барасында 3 түрлі модальді қатынастың түрін атап көрсетеді. Олар: заттық модальділік (предметная) (мүмкінділік және міндеттілік), тілек немесе қалау модальділігі (волеизьявления) (оптатив пен императив) және эпистемиялық модальділік (мүмкінділк мағынасы,логикалық міндеттілік, сенімділік және сенімсіздік).
Шетел лингвистері де осындай модальділік түрлерін атап көрсетеді: динамикалық, деотикалық және эпистемиялық. [16,320б] Эпистемиялық модальділік (гректің epistemus-мағына дегенді білдіреді) сөйлеушінің шындыққа деген қатысы мен байланысыың тану деңгейін білдіретін бағалауыш модальділікті білдіру үшін қолданылады. Тілшілер сонымен бірге эпистемиялық және эпистемиялық емес (epistemic/non-epistemic), (алайда олар терминологияда эпистемиялық және түбір молдальділіктері болып айтылады) (epistemic/root) эпистемиялық және деонтикалық (epistemic and deontic), сыртқы және ішкі (extrinsic and intrinsic) модальділік түрлерін атап көрсетеді.
Ішкі/деонтикалық/түбір модальділік адам өзі бақылай алатын іс-әрекетке байланысты қолданылады, ал сыртқы/эпистемиялық орындалу мүмкінділігінің бағалауыш деңгейіне қатысты айтылады. Сөйлеушінің тілек немесе өтініш білдіру не білдірмеуіне қатысты деонтикалық модальділік директивті және оптативті болып бөлінеді `directive and optative).
Дж.Лайонез модальділіктің 3 шкаласын бөліп көрсетеді. Шартты рай арқылы берілетін тілек; сенімділік пен мүмкінділік және қажеттілік пен міндеттілік. Жалпы алғанда шетел лингвистерінің модальділік категориясы жайлы пікірлері сәйкес келмейді. Сонымен бірге модальділіктің интонацялық деңгейде берілуі зерттелді. ағылшын тілі монологындағы субьективті модальділіктің интонациялық берілу жолдары can/could, may/might етістіктерімен берілген сөйлемнің коммуникативті модальділігі (Ағылшын тілі мәтініндегі қажеттілі модальділігінің жүзеге асырылуы). Сонымен бірге рай категориясы модальділік категриясының морфологиялық беріу тәсілі ретінде зерттелген мүмкінділік модальділігінің берілу тәсілдерінің жүйесі салалас құрмалаа сөйлемнің модальділігі Модаль сөздердің номинативті және коммуникативті аспектілері және әр түрлі функционалды стильдерде қолданылу еркшеліктері және т.б. бар. Э.У Илебаевтың жұмысында ағылшын және қырғыз тілдеріндегі модальділік категориясы және оның берілу жолдары зерттелген. Осы жұмыста деңгейаралық категория ретінде модальділіктің көлемі, мазмұны және табиғат, берілу тәсілдері, саластырылып отырған екі тілдің де модальділіктің берілу тәсілдерінің классификациясы анықталған. Е.И.Беляеваның монографиясы ағылшын және орыс тілдеріндегі модальділік категориясының функционалды-семантикалық сипаттамасына арналған. Негізінен коммуникативті қатынастың модальділікті білдіру барсындағы 3 түрлі қатынасқа бағытталған. Заттық, эпистемиялық және тілек модальділіктері. Модальді етістіктер категориясының күрделілігіне және көпаспектілігіне байланысты автор осы 3 модальділіктің қолданылу аясын зерттеумен шектеледі.
Л.Михневич ағылшын тілі материалы және олардың поляк және орыс тілдеріне аудармасының негізінде модальділікті грамматикалық категория ретінде мәтін модальділігін зерттейді. Ғалым модальділікті тек қана таза тілдік категория деп білмей, сонымен бірге көптеген тәсілдермен беріле алатын сөйлеушінің жеке бағалауының ақпары ретінде қараастырыла алады. Ағылшын, орыс және поляк тілдеріндегі модальділік компоненттерінің ерекшеліктері көрсетіледі.
2.3. Модальді етістіктер және сөйлемнің коммуникативті функциясы
Модальділік категориясы және сөйлемнің коммуникативті функциясы арасындағы өзара қатынасты зерттеуге деген қызығушылық лингвистикада функционалды бағыттың пайда болуынан бастап артты. Осы кезеңнің мақсаты сөйлемнің келесі функционалды түрлерін анықтау болды: хабарлы, болымсыз, лепті және сұраулы. Кез келген сөйлемге модальділік тән. Осыған орай модальділік категориясының сөйлемнің барлық функционалды түрлеріне тән екендігі дау туғазады.
В.В.Виноградов модальділік категориясын функционалды синтактикалық категория ретінде қарастыру барысында оның құрамына айтылғанның коммуникативті мақсатын қосу керектігін айтады және оған қоса модальділік пен сөйлеушінің арасындағы пиғылын көрсету керек. Хабарлы (болымды, болымсыз) сөйлемдерді модальді сөйлемдер қатарына жатқызудың жақтаушылары мен осы пікірге қарсы келетіндер де бар. [13,140-161б]
Кез келген хабарлау өз ішінде имплицидті түрде болымсыздықты қамтиды екен. Болымсыз немесе болымды түрде айту сөйлеушінің өзіне байланысты екен. Don’t forget it! = Keep it in mind!
Көрермендер өз орындарына жайғасты. Көрермендер енді орын іздемейді.
Сұраулы мен болымсыз сөйлемдерді модальді сөйлемдер қатарына жатқызу қиыншылық туғызады.
Г.А.Золотованың пікірінше танымдық ұстаным ол шындыққа модальды қатынас емес. О.А.Норк осы мәселені шешуде сұраулы сөйлемдердің интонациясына көңіл бөледі. Оның ойынша интонация арқылы сұраулы сөйлемдер болжам, және обьективті модальділікті көрсетеді. [15,78б]