Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Курстық жұмыстың тақырыбын сырттай оқитын студент көрсетілген кесте бойынша студенттің сынақ кітапшасында (транскрипт) көрсетілген реттік номердің соңғы екі санына сәйкес (жыл номері саналмайды) таңдап алынады. Мысалы, студенттің шифры 023-03. Соңғы сандар оқуға түсу жылы, сондықтан 023 санын негізге алу керек. Кесте бойынша 23 санын іздейміз, қарама-қарсы үш тақырыптың номері көрсетілген: 24, 49, 14. Тақырыптар тізімінде курстық жұмыстың тақырыбын анықтайсыз. Жұмыс істеу орнына, алған теориялық білімге және т.б. байланысты берілгендердің ішінен қажетті тақырыпты таңдайсыз. Шифрмен таңдап алынған курстық жұмыс арнайы бекітуді талап етпейді. Таңдап алынған тақырыпты кесте бойынша берілген басқа да тақырыптарға ауыстыру студенттің өтініші бойынша кафедра меңгерушісінің визасы негізінде рұқсат етіледі.
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін курстық жұмыстың тақырыбы транскрипттің номерімен байланысты емес. Курстық жұмыстың тақырыптарын бекіту оқытушының жетегімен жүзеге асырылады.
«Қаржылық есеп-1» бойынша курстық жұмыс ХҚЕС және ҰҚЕС еңгізу және көшу талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп бойынша жоғары квалификациялы мамандар дайындайтын оқу үрдісінің бір элементі болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмысты орындау мақсаты келесілер:
- мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік білімін жүйелеу, бекіту және тереңдету, оларды ғылыми, экономикалық және басқарушылық шешімдерді қабылдауда, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ақпараттарын пайдаланушылармен қарым-қатынаста қолдану;
- активтердің, міндеттемелер мен капитал қозғалысы барысында пайда болатын әрбір шаруашылық жағдайда өз ой-пікірін қалыптастырып, басқарушылық шешімдірді қабылдау барысында студенттің дайындығын анықтау.
Курстық жұмыс есепті жүргізу әдістемесін, есеп объектілерін тану және бағалау, ағымдағы қаржылық есепте операцияны көрсету және қаржылық есептілікті дайындау бойынша алынған білімді бекітуге мүмкіндік береді. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Теориялық бөлім транскрипт номеріне сәйкес таңдап алынған тақырып бойынша ҚР заң акатілерін, оқу және арнайы әдебиеттерді талдау, зерттеу негізінде реферат жазуды көздейді.
Тәжірибелік бөлім белгілі бір мәселелерді шешу мазмұны мен бухгалтерлік жазу беру мен қорытындылауды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |