Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері


Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану



бет4/49
Дата12.12.2021
өлшемі138,98 Kb.
#99622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ФИНУЧЕТ (каз)

Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану

Студент тақырыпты таңдап алғаннан кейін тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді (негізгі және қосымша) іздейді. Ол үшін университеттің кітапханасында ДК электронды каталогты қолданған абзал. Тақырыптың кілтті сөзі бойынша ДК-де әдебиеттер тізімі көрсетіледі, ол кітаптарды жазып алып, абонементте немесе оқу залында кітаптардың мазмұнымен таныса аласыз. Қажет жағдайда Қарағанды қаласындағы немесе тұрғылықты мекен-жайдағы басқа да кітапханалардың қызметін пайдалануға болады. Не болмаса арнайы әдебиеттерді кітап дүкендерінде немесе авторлардан сатып алуғы болады.

Студент әдебиеттерді таңдауда оны зерттейді. Бұл жұмыс барысында ол жоспардың белгілі бір бөліміне сәйкес келетін ақпараттарды конспектілейді немесе жұмыс жазбаларын жасайды, жазып алған цитаталарға белгіленген тәртіпте сілтеме береді.

Әдебиеттерді зерттеуде қарапайым материалдардан бастап, күрделіге көшу керек. Бастапқыда тақырыпқа қатысты жалпы әдебиеттермен, содан кейән арнайы және қосалқылармен (стандарттар, әдістемелік нұсқаулықтар) танысқан жөн. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заң актілерін, ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелігінің департаментінің мәліметтерін негізге алу керек.

Сонымен қатар жұмыста жаңа арнайы әдебиеттерді, баспа беттеріндегі мақалаларды (соңғы жылдағы) және т.б. қолданған дұрыс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет