6. Курстық жұмысты рәсімдеу
Курстық жұмысты студент А-4 форматындағы беттерде оқытушының ескертулеріне арналған жолдар қалдырып орындайды. Оның мәтіні парақтың бір бетінде, міндетті түрде компьютерде теріледі. Парақтың екі жағынан орын қалдырылады, 2,5 см сол жақтан, 1,5 см оң жақтан, жоғарыдан және төменне 2 см, мәтін шрифті 14, интервал 1,0. Курстық жұмыстың барлық беттері номерленуі тиіс. Мәтіндегі әрбір сұрақтың атауы жоспарға сәйкес болуы тиіс.
Жаңа сұрақты алдыңғы сұрақ біткен бетте, егер ол бетте сұрақтың атауынан басқа мәтіннің бірнеше жолдары сыйса бастауға болады. Сұрақтардың атауы негізгі мәтіннен бөлініп көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |