Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері


Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/49
Дата12.12.2021
өлшемі138,98 Kb.
#99622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ФИНУЧЕТ (каз)

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

«Қаржылық есеп-1» мақсаты қаржылық есеп және есептілік принциптерін, ҚР ҚМ 23.05.2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген, 01.01.2008ж қолданысқа еңгізілген бухгалтерлік есептің Үлгілік шот жоспарына сәйкес шаруашылық операциялары есебінің техникасын, 28.02.2007ж «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР № 234-III Заңын жүзеге асыру және бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыруды жүргізу бойынша басқа да нормативті-заң актілерін зерделеу болып табылады.

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығанда оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес «Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмысты орындап қорғайды.

Студент теориялық материалды, берілген әдебиеттерді оқып және ұйымның тәжірибесімен, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу әдістемесімен танысқаннан кейін, осы алынған мәліметтер негізінде курстық жұмысты орындауға кіріседі.

«Қаржылық есеп-1» пәнінен курстық жұмысты орындау мақсаты өзіндік ізденіс пен ғылыми және оқу әдебиеттерін жалпылап, сонымен қатар кәсіпорында есепті компьютерлендіру бойынша тәжірибелік мәліметтер; белгілі бір шаруашылық операцияларды компьютерлендіру есебінің қолданыстағы тәжірибесін және теориясын өз тұрғысынан бағалау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жетілдіру үшін нақты және объективті ұсыныстар беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау негізінде неғұрлым терең теориялық және практикалық дайындықтан өту.

Онымен қатар «Қаржылық есеп-1» пәнінен берілген әдістемелік нұсқаулықтың талаптарына сай жазылған курстық жұмыс болашақ дипломдық жұмыстың негізі болуы тиіс (егер тақырып дипломдық жұмыстың тақырыбы етіп таңдап алынса және ары қарай толықтыру жұмыстары жүргізілсе).







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет