КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «Ұйым қаржысы» пәні бойынша оқу жоспарына сәйкес, студенттер 30 сағат
көлемінде курстық жұмыстарын орындайды. Курстық жұмыстарды орындау білім беру
үдерісінің маңызды кезеңі және білікті мамандарды даярлаудың тиімді әдістерінің бірі
болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты теориялық білімді бекіту, іс жүзінде жағдайды
бағалауға мүмкіндік беру және қаржылық шешімдер қабылдау үшін объективті
тұжырымдар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Бұл нұсқаулық Нархоз университетінің экономикалық колледжінде оқитын
студенттерге курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда, қаржылық қатынастар теориясы
мен практикасын талдауға, таңдалған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді
таңдауға және оқуға, курстық жұмыс жоспарын құруға, оны жазуға көмектесуге арналған.