Әдебиеттермен танысу Таңдалған тақырып бойынша әдебиетпен танысу, ең алдымен, курстық жұмыс
жоспарын құру үшін қажет. Бұл жағдайда студент жұмысының сипатын және
мақсаттылығын анықтайды, тақырыптың маңызды сұрақтарын қарастырады және оны
қызықтыратын бағыттарды таңдайды.
Жоспарды құру Жоспарды құру курстық жұмысты орындаудағы шешуші кезең болып табылады
Қосымша №2). Кез-келген тақырыптың бір немесе бірнеше аспектілерін ала отырып,
бірнеше нұсқасы бар екенін ескеру қажет. Кейбір жағдайларда – теорияның, ал кейбір
жағдайларда практиканың басым болуы мүмкін. «Ұйым қаржысы» пәні тәжірибелік курс
болғандықтан, тәжірибе басымдыққа ие және өзекті мәселенің сипаттамасын қарастыруға
немесе мәселенің тарихын түсіндіруге шектеу қойылмайды.
Жұмыс жоспары студентті белгілі бір компанияның нақты материалдарын
пайдалануға бағыттауы керек.