Студент: Шайзатова Ақерке Өтілетін күні: 04. 2020 жыл Пәні



Дата08.04.2020
өлшемі16,04 Kb.
#61920
Байланысты:
ғпз

Қайырлы күн, Апай!

Тобы: ББ-П-16

Студент: Шайзатова Ақерке

Өтілетін күні: 7.04.2020 жыл

Пәні: Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі.

Тақырыбы:Педагогикалық зерттеулердегі негізгі ұғымдарға талдау жасау.
Тапсырма:Курстық жұмыс қорғалатын пәннің біреуін таңдап, курстық жұмыс жоспары мен ғылыми аппаратты дайындап жіберіңіз.

Осы үлгі бойынша жазасыздар.



Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Зерттеу жұмысының өзектілігі Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазқ ертегілерінің қалыптасуы мақсаты. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Құрылымы Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген.

Зерттеудің мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы тыңдалым,оқылым,айтылым,жазылым дағдыларын оқушыларға шығармашылық қалыптастырудағы қабілетін дамыту

Зерттеу нысаны:Жалпы бастауыш сынып оқушыларына 4 дағды туралы ертегі оқыту.

Зерттеу пәні:Бастауыш сынып оқушыларына ертегіні төрт дағды арқылы жүргізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныпта оқыту барысында білім алушылардың ертегі арқылы теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген әдістемемен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың тілдік дағдылары қалыптасады, танымдық белсенділіктері артады, білімнің тәрбиелік маңыздылығы жоғарылайды.

Зерттеудің міндеттері:

1.Ертегі, ойлау, қабілет, ынта ұғымдарының мән мағынасын зерттеу барысында ұғындыру.

2.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының жоспары мен айырмашылығын анықтау.

3.Ертегілердің бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыру.



4.Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер туралы қызығушылығын қалыптастыру және әдіс-тәсілдері арқылы жүргізу.

Зерттеудің дереккөздері:Бұл жұмыс отандық білім беру мазмұнының «Қазақ фольклорының тарихы» бойынша дереккөздер алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет