Сабақ тақырыбы:
Киім стилі мен сән үлгілері
|
Мектеп: «Шыпан» жалпы орта мектеп КММ
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Юлдашова Динара Гайратовна
|
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Т/А4 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Тыңдағаны бойынша киім стилі мен сән үлгілерін атау
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Киім стилі мен сән үлгілерін бір-бірінен ажырату
|
|
Кейбір оқушылар:
|
|
Киім стилімен сән үлгілерінің ерекшелігін түсіндіру
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
|
Мәтіннің негізгі идеясын талдай отырып, сөйлемдерді көркем тілмен құрастыра білу дағдылары қалыптасады,тілдік қоры дамиды
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
|
Дизайнер, сәнгер,стиль
|
|
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Дизайнерлердің міндеті,сән үлгілері, киім түрлері,киім стилі
|
|
Талқылауға арналған тармақтар:
1.Киім стильдері дегеніміз не?
2.Қандай сән үлгілері бар ?
|
|
Ишара: қол белгілері,мақұлдау,қарсылық білдіру,тыныштыққа шақыру
|
|
Алдыңғы оқу
|
Оқушылар киім түрлерін, ұлттық киімдерді біледі.
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
|
Басы 10 минут
|
І «Шын жүректен» стратегиясы арқылы оқушылар жүрекшені бір –біріне беріп тілектер айтады.
ІІ Оқушылар қима қағаздар таңдап алады және түстері бойынша топтарға бірігіп,кеспе қағаздардағы сұрақтарға жауап беру арқылы бір геометриялық пішіндер шығару керек.
ІІІ «Дейін-кейін» кестесі таратылып, «Дейін» бөлігі толтырады.Оқушылар тақырыпқа байланысты нені білетінін жазады.
ІV Ой шақыру
«Киім стилі мен сән үлгілері» туралы бейнеролик көрсету арқылы ой шақыру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Киім стилі дегеніміз не?
Қандай сән үлгілері бар екен?
Дизайнер деген кім?
|
Жүрекше
Түрлі-түсті қима қағаздар
Дейін-кейін кестесі
бейнеролик
Диктафон
А4 парағы маркер
флипчарт
|
|
Ортасы
30 минут
|
І Берілген мәтінді аудиожазба арқылы тыңдату
ІІ «Адам қаңқасы» әдісі арқылы мұғалім мәтін бойынша жетекші сұрақтар береді:
Мәтіннен қандай мамандық атаулары кездеседі?
Сән дегеніміз не?
Киім дегеніміз не?
Дизайнер деп кімді айтамыз?
Сәнгерлердің қызметі?
Киім түрлерін ата
Алғашқы киімдер қандай қажеттілікті өтеді?
ІІІ «Ой толғаныс» кезеңінде «Киім стильдер мен сән үлгілері» тақырыбында оқушылар постермен жұмыс жасайды
Критерий:
Тақырыптың ашылуы
Эстетикалық талғамы
Сахналық мәдениет
Шешендік
ІV Деңгейлік тапсырмалар орындату
1 деңгей Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қайсысы дара қайсысы күрделі сөз екенін топтап жазыңдар.
2 деңгей Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, оның қай түрі екенін ажыратыңдар
3 деңгей «Менің сәнді досым» деген тақырыпта эссе жазыңдар.Оны сипаттап неге сәнді деп есептейтіндеріңді дәлелдеңдер.
V «Нені есімізге сақтаймыз?» ойыны арқылы кластер ұйымдастыру.Оқушылар мәтін ішінен тірек сөздерді теріп жазады және ортаға шығып қорғайды.
|
|
Соңы 5 минут
|
«Дейін-кейін» кестесінің «Кейін» бөлігін толтырады яғни оқушылар сабақта алған мәліметтерін,білімдерін жазады.
|
кесте
|
|
Саралау- оқушыға қосымша көмек көрсетуді қалай қабілетті жоғары оқушыға тапсырманы күрделендірудіқалай жоспарлайсыз?
Оқушының деңгейін саралау үшін деңгейлік тапсырмаларды орындатамын.
|
Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау критерийлер арқылы бағалаймын.Әр тапсырмалардан соң қалыптастырушы бағалау қойылып отырады.
Өзін – өзі бағалауды, бірін- бірі бағалауды жоспарлаймын.Оқушыларды мадақтап,бағалауда геометриялық пішіндер пайдаланамын.
|
АКТ-мен байланыс.Құндылықтар мен байланыс.
Сабақты оқушыларға жеткізуде аудиожазба пайдаланамын.
Өзін-өзі тану,әдебиет пәндермен байланысады.
|
|